Қоғам • 27 Маусым, 2022
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Еліміздің журналистер қауымы көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Журналист атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені – жантақ» деген сөзін ұмыта алар емес. Себебі бұл ащы да ақиқат сөз айтылғалы ондаған жыл өтсе де, қолдарына қалам мен микрофон ұстап, ақпарат майданының алғы шебінде жанталасып жүрген әріптестеріміздің жағдайлары онша өзгерген жоқ.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қымыз өндірісін өрге бастырмай тұрған кемшілік көп. Жылқы басы бар болғанымен жайылым тар, мал тұқымы азып кеткен, өзге түліктен алынатын өнімге берілетін субсидия қымызға жоқ. Ең бастысы, ауылдағы ағайын да ас атасын дайындауға енжар.
Экономика • 27 Маусым, 2022
Қазіргі валюта нарығындағы ахуал жөнінде Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк әңгімелеген еді.
Руханият • 27 Маусым, 2022
Синестезия деген термин бар. Ол – адамдардың нәрсені сезім мүшелерінің біреуімен қабылдап, екіншісімен сезінуі. Мәселен, дыбыстан бейне көру немесе керісінше бейнеден үн есту. Бұл – көбінесе шығармашылық адамдарға тән құбылыс. Кейде ақындар өлең жазғанда әуелі әлдебір әуен келеді деседі.
Әдебиет • 27 Маусым, 2022
Есіл дүниенің есігін іңгәлап ашқан сәбидің бәрі өскеннен кейін өмірге емірене қарайтын адамға айналмайтыны өкінішті. Я тіршілік қалыбы, я өскен орта, көрген тәрбие, туған топыраққа байланысты адам баласы әртүрлі қалыптасады. Тауға қарап тебірене алмайтын, жел гуілін, су сылдырын естімейтін, гүл сұлуын көрмейтін, адамдар қарым-қатынасындағы жүздеген, бәлкім, мыңдаған нәзік ағыстарды сезбейтін жүректер тым көбейіп кеткендей әсер қалдырады. Кейде өзге түгілі өзің де мына жарық әлемнен адасып қалғандай, бар сезу мүшеңнен айырылғандай, әйтеуір қозғалатын тасқа айналып бара жатқандай боласың. Сырласуға жарамайтын, мұңдасуға татымайтын, қуаныш-қайғыңды түсінбейтін ұрпаққа ұқсап барамыз. Кейде осындай жиілеп кеткен құбылыстарды ойлағанда, жан дүниеңді жұмсартатын, сәулесін түсіретін, жүрегіңді қозғайтын себеп іздейсің. Біздіңше, екі нәрсе бар: Жаратқанның аяты, жаратылғанның өлеңі.