Президент • 24 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент ел билігін енді ғана қолға алып, атқарар ісінің жоба-жоспарын жариялап жатқан тұста халықтың арасында «ертеңгі күніміз қалай болар екен?» деген сауалдың тууы заңды. Мұндайда билікті мақтайтындар да, оған көңілі толмайтындар да табылады ғой. Демократиялық құндылықтарды қадір тұтатын қоғамда «бәріңнің ойлағандарың неге бірдей емес?» деп кінә тағу да қисынсыз. Әрбір пікірге, таңдауға түсіністікпен, сыйластықпен қараған абзал. Біз де басқалардың ұстанымына құрметпен қарай отырып, өз байламымызды, өз тұжырымымызды ортаға салып отырған жайымыз бар. Басқалай айтқанда, Президентпен сырттай болса да сыр-сұхбат құрғанды жөн санадық.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
Кінә көрерменде емес, көзқараста...
Өткенде Алматыда опера мен балеттің дүбірлеген фестивалі болып өтті. «Аққу көліне» билет таппай сеңдей соғылысып жүрген жұртты көріп, көзіміз жасаурады дегеніміз өтірік болар. Бірақ Қазақстанның классикалық өнеріне ренессанс дәуірі келіп орнағандай, риза кейіппен көпшіліктен көзімізді айырмай, сырттай сүйсініп қарап тұрғанымыз есімізде.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
2000 жылдан бергі халықтың көші-қоны туралы статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, еріксіз күрсінуіңіз мүмкін. 2000-2017 жылдар аралығында елімізден бас-аяғы 950 846 адам шетелге кеткен. 1 миллионға жуық жан. Бір ғана 2017 жылы 155 749 адам шекара асыпты, оның 31 952-сі – 14 пен 28 жас аралығындағы азамат. Еңбекке қабілетті, бойында күш-қуаты тасыған, болашағын бағамдайтын буын, ертеңгі күніне мақсат қоятын кезеңде неге шетелге кетеді?
Руханият • 24 Маусым, 2019
Қазақстан • 24 Маусым, 2019
«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигонында осымен бесінші рет жалау көтерген «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өз жұмысын аяқтады.