Өткенде Алматыда опера мен балеттің дүбірлеген фестивалі болып өтті. «Аққу көліне» билет таппай сеңдей соғылысып жүрген жұртты көріп, көзіміз жасаурады дегеніміз өтірік болар. Бірақ Қазақстанның классикалық өнеріне ренессанс дәуірі келіп орнағандай, риза кейіппен көпшіліктен көзімізді айырмай, сырттай сүйсініп қарап тұрғанымыз есімізде.

«Опера мен балетке сұраныс болды деген сөз – көрермен мәдениеті көз ілеспес жылдамдықпен бірнеше сатыға бір-ақ секірді деген сөз емес пе, ендеше, бұл шын қуанатын жағдай» деп тұрмыз қиялмен құрастырып алған өз елесімізге өзіміз елітіп.
Ауып та, тайып та қона беретін аумалы-төкпелі бақ аспаннан түскендей қазақ операсының басына адасып болса да қонуы неғайбыл деп едік-ау. Біріншіден, бұл фестиваль аясындағы спектакль болғандықтан, екіншіден, әлем бас иген әйгілі «Аққу көлі» болғандықтан ғана билеттер бас-аяғы екі-үш күннің айналасында сатылып кеткен. Ал 85 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарында «Абай», «Қыз Жібек» және «Біржан – Сара», бар-жоғы үш спектакльдың ғана тұрақты жүретіні осы төңіректегі бүкіл сұраққа жауап болуға жарағандай. «Ер Тарғын» мен «Еңлік-Кебек», «Абылай хан» афишада тұрғаны болмаса, жалпы көрерменнің келмегеніне көп болған спектакльдер. Қазақ операсы бүтін бір мемлекеттің ғасырға жуық тарихы бар іргетасы мығым театрының тұтас репертуарындағы 30-ға жуық спектакльдың бестен бір бөлігін әрең құрайды. «Неге бұлай?» десек, министр мен театр директорынан бастап, қарапайым әншісіне дейін табан астында «тегін қойсаң да, қазақ операсы көрермен тартпайды» деп келте жауабын көлденең тарта қоятынын білеміз.
Операның 85 жылдық тарихында қазақ композиторлары 60-тан астам опера жазыпты. Тәуелсіздік алғалы бері соңғы 27 жылда екі-үш операның ғана дүниеге келгенін өлшем етіп алсақ, салыстырмалы түрде, бұл орасан байлық. Мынау үш опера дегеніңіз сол ұшан-теңіз байлықтан сүйегін сүйретіп әрең жетіп, «жаныашымастар» мен «басыауырмастардың» біреуі ұртына жел толтырып алып тағы бір рет «үффф» десе, ұшты-күйлі жоқ болуға шақ тұрған жұрнақтары ғана. С.Мұхамеджанов, М.Төлебаев, А.Жұбанов, Ғ.Жұбанованың еңбектері «көрермен келмейді» деген себеппен шетінен сырғып түсіп қалып жатыр. Осыдан отыз-қырық жыл бұрын орысы көп, қазағы аз Алматыда ұлттық тақырыптағы алпыс операның тыңдаушысы табылғанда, қалаға ағылған бүгінгі қазақтарға классикалық туындылардың соншалық қызықсыз болғаны қынжылтады, әрине. Бірақ ұлттық репертуардың кемшін болып, қағажу көріп келе жатуының себебін тек көрерменге апарып тели берудің де қажеті жоқ, үлкен бір себебі, классикалық өнердің басында отырғандардың жеке көзқарасында жатуы да әбден мүмкін.
Бұл ой қайдан туып отыр? Осы фестивальдың ашылу салтанатына орай театр әкімшілігі журналистер үшін үлкен баспасөз мәслихатын өткізді. Ұзын үстел басындағы әңгімеге театрдағы жетекші мамандармен бірге қазақ театрының спектакльдеріне дирижерлік жасауға келген даңқы зор екі америкалық, Мәскеудегі Үлкен театрдың, Беларусьтегі Үлкен театрдың әртістері де қатысып отырды. Араларында Ажардың партиясын орындауға «Астана Опера» театрынан арнайы шақырылған Нұржамал Үсенбаева да бар. Қойылған сұрақ та, берілген жауап та тек орыс тілінде, тап сол мезет жалпы опера театрына қазақ тілінің қатысы жоқ сияқты көрінді. Қайраткер ханымдардың бәрі де қазақша білмейтінін қалыпты жай санап, сөйлеуге тіпті талпынбады да.
Қазақстан деген елдің атын жамылып алып, бөгде тілде сайрап отырған намыссыздықтың куәсі болып отырған екі америкалық «бұлардың сонда өз тілі жоқ па?» деп ойлап қалмаса екен деген ниетпен қалай жауап беретінін, не дейтінін алдын ала біліп тұрсақ та, жандәрмен Нұржамалға сұрақ қойдық. «Сырттан келгендер ең болмаса қазақ тілін естісінші, Нұржамалдың сиқырлы дауысы арқылы әуезін, ырғағын, мақамын сезінсінші, өз тілінде сөйлейтіндердің бар екенін көрсінші» деген ойымыздың төркінін түсінді ме, жоқ па, белгісіз, бірақ опера өнерінің өзегін де, өрісін де орыс тілі етіп алғандардың осы көзқарасы бүкіл ұлттық репертуарға қарым-қатынасын білдіріп, көлеңкесін түсіріп тұрғандай болғаны рас...
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Ұқсас жаңалықтар