Қазақстан • 25 Маусым, 2021
Бұл – Ұлттық экономика министрлігінің дәл қазіргі уақытқа арналған ресми болжамы. Ведомство Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірге болжамның келесі кезеңі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ол осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталмақ.
Қоғам • 25 Маусым, 2021
Органикалық химия саласының эталоны. ҚР ҰҒА академигі Қалдыбай Пірәлиев туралы сыр
Қалдыбай Пірәлиевтің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты нәзік органикалық синтез тәсілдерін жасау, отандық жаңа залалсыз әрі әсерлілігі өте жоғары дәрілік заттарды жасау. Осы еңбегі арқылы ғылыми шыңдарды бағындырып, есімі химия ғылымы саласында бас әріппен жазылған ғалым-химик.
Қоғам • 25 Маусым, 2021
Қасым атам әркез ұтырлы айтар сөзі бар және онысы ел аузында жүретін абыройлы адам еді. Атам отының алды, суының тұнығы, баласының үлкені қызын ұзатады. Ол уақыт тұрмысқа шыққан қыздың артынан ай өтпей жетіп баратын кез емес. Жылдан асып, пәленбай шақырымды артқа тастап, құдасының үйіне тоқтап, олар Қасекең, құда келді деп құрақ ұшып дастарқан жайып күтеді. Шай үстінде бар зейіні үлкендерге ауып, соларға қызмет етіп отырған қызы қайынсіңлісінің босаған кесесін аңдамай қалыпты. «Жеңеше, шай» деп көзімен жеп жібергенін көрген атам үйіне келген соң жұбайына «Көрдім баламды. Қайтейін, дүние кезек деген, құдашаның көзін көрдім, оған да біреу қарар» депті.
Парламент • 25 Маусым, 2021
Жер қатынастарын жетілдіретін заң жобасы
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасын қарады. Сондай-ақ Жоғарғы сот судьяларын сайлады.
Қазақстан • 25 Маусым, 2021
Жүйрік журналистер URKER-2021 сыйлығымен марапатталды
Елордадағы Қазмедиа орталығында баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER-2021 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға естелік мүсінше және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табыс етілді.