Қазақстан • 20 Маусым, 2018
Оңтүстік Қазақстан облысында түсірілген анимациялық және көркем фильмдердің көрсетілімі өтті
Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері басталды. Үш күнге жалғасатын айтулы шара өзінің мазмұндық мән, тақырыптық ауқымымен елорданың 20 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды. Аталған жоба аясында Оқушылар сарайында Оңтүстік Қазақстан облысында түсірілген анимациялық және көркем фильмдердің көрсетілімі өтті.
Тарих • 20 Маусым, 2018
Ономастикадағы оралымсыздықтар ойлантады
Халқының саны көп, экономикалық қуаты мығым, әскерлік күші басым державалардың отарлау жүйесінің басты құралы – өздерінің қасаң саясатын аз ұлттардың санасына сыналап енгізу. Сол арқылы отарлаған елдерін оқ шығармай-ақ жаулап алып, өз ырқынан шығармау екеніне кешегі кеңестік дәуірде көзіміз жеткен болатын.
Өнер • 20 Маусым, 2018
Атбегілікке қызығушылық танытатындардың қатары көп болғанымен, ат баптау ісі екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние.
Аймақтар • 20 Маусым, 2018
Жамбыл өңіріндегі кей елді мекендерде газ тарту жұмыстары кешеуілдеп отыр
Ауылдық аймақтарды абаттандыру, дамыту мәселелері мемлекет тарапынан лайықты жүзеге асып келеді. Мәселен, Жамбыл өңіріндегі кейбір ауылдар мен елді мекендерге табиғи газ тарту жұмыстары ерте бастан жүргізілсе, енді кейбір ауылдарға әлі де болса көгілдір отын кіргізу кешеуілдеп отыр. Нақты мәліметтерге жүгінсек, Жамбыл облысындағы 373 елді мекеннің 171-і ғана бүгінде газ құбырына қосылған. Ал ұзақ мерзімге жасалған жоспарлар мен ауылды гүлдендіру мәселесіндегі мақсаттардың нәтижесі бүгінгі таңда қандай деңгейде?
Аймақтар • 20 Маусым, 2018
Оралдағы жаңа аудандағы құрылыс қарқыны қалай?
Орал қаласының іргесінен «Ақжайық» атты жаңа шағын аудан салынатыны жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жыл басында тұрғындар алдында есептік кездесуде алғаш жариялаған болатын. Одан бері бірнеше ай ішінде не өзгерді? Құрылыс қарқыны қалай? Өңір басшысымен бірге жаңа құрылыс алаңын аралаған журналистер болашақта бой көтеретін нысандар туралы біліп қайтты.