Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірлік пен келісімнің киелі бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына айналды. Татулықты ту еткен халқымызды бір шаңырақ астына біріктіріп, ортақ мақсаттарымызға жол бастады. Өз тарихында Ассамблея консультативті-кеңесші органнан құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. Ел Президентінің басшылығымен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, ел мүддесі үшін келелі шешімдер қабылдайтын «бірлік күшіне» айналды. Өзінің құрылған кезеңінен бастап, ел мұратына жетелейтін жалпыұлттық құжаттарды өмірге әкелетін «халықтық парламент» рөлін атқарып келеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2017
Ертең Астанадағы ЭКСПО-2017-нің Конгресс-орталығында кезекті Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастайды
Үкімет • 21 Маусым, 2017
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасады
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар қаралды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Астаналық альпинистер Еуропаның ең биік шыңын бағындырды
Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының альпинистері әлемнің ең биік шыңдарының бірі – Эльбрусты бағындырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Оңтүстікте қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған кездесу өтті
Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Отырар» кітапханасында қоғамдық сананы жаңғыртуғаарналған жүздесу өтті.