Өнер • 30 Шілде, 2024
Ұлттық кино: ілгерілеу мен ізденіс
Кино да тірі организм сияқты. Кейде көз ілеспес жылдамдықпен дамиды, бірде тоқырап, құлдырайтын кезеңдері болады. Қазір мемлекет тарапынан бұл салаға қамқорлық күшейгенін аңдаймыз. Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіндегі «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бар. Ұлт киносын қолдайтын орталықтың түпкі мүддесі туралы орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек ЖҰМАҒАЛИДАН сұраған едік.
Туризм • 30 Шілде, 2024
Шымкент туристерге несімен қызық?
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының өкілі Бағдат Пардабайдың айтуынша, былтыр Шымкентке 450 мыңдай турист келген. Оның 30 мыңға жуығы – шетелдік туристер. Ал статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың кейінгі үш айында мегаполиске сапарлаған саяхатшылар саны 111 мыңнан асқан.
Ғылым • 30 Шілде, 2024
Көмірсутек бейтараптануын кеңейтетін жоба
Назарбаев университетінің жас ғалымдары көмірсутекті бейтараптандыру саласында серпінді жоба дайындап жатыр. Мұнай өндіре бастаған жүз жылдың бедерінде ел аумағында көптеген жерасты қуысы пайда болған. Аталған оқу ордасындағы тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің магистрлері мен докторанттар тобы бұларды ел экономикасына тиімді пайдалануға болады деп есептейді. Мәселен, көмірқышқыл газын сақтау үшін. Ғылыми жобаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттің бірден екі мәселесін шешуге жол ашады. Біріншіден, ауа құрамы зиянды қалдықтардан тазартылса, екіншіден, қарқынды мұнай өндіру аумағында пайда болатын жер астындағы бос кеңістіктер толтырылады.
Туризм • 30 Шілде, 2024
Меркіні жердің көркіне телімей көріңіз. Тауға қарай беттегенде сайын даланың саф ауасы сарайыңды аша түседі. Жасыл кілемдей жайқалған байтақтың көз сүйсінткен пейзажы жаныңа беймәлім бір рахат күй сыйлайды. Дегбірің қашып, межелі жерге жедел жеткің келеді. Желе жортқан төрт түліктің төресі жылқы – даланың сәні. Құлдыраңдаған құлындарының қылықтары да көзге оттай басылады.
Ғылым • 30 Шілде, 2024
Иранның Исфахан қаласында өткен IPHO-2024 халықаралық физика олимпиадасында озат оқушыларымыз төрт күміс және бір қола медальға қол жеткізіп, 100 пайыз нәтиже көрсетті.