ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткен апта бойынша қорытындылары жарияланды. Медиа орталықтың хабарлауынша, 10-16 шілде күндері көрмеге 277 мың адам, орта есеппен күніне 39 мың адам келген.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Үздік идеялар елі ұлттық күнін мерекеледі
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында словакиялықтар ұлттық күнін мерекеледі. Еуроодаққа мүше, 5 млн ғана халқы бар бұл мемлекет көрме меймандарын ұлттық әндерімен, билерімен қайран қалдырды. «Словакия – үздік идеялар елі» деген ұраны бар олардың павильонында жасыл энергетика тақырыбына қатысты қызықты жобалар жетерлік. Өйткені, ол мемлекетте баламалы қуат көздері қарқынды дамып келеді. Туризм мен машина құрылысы есебінен күн көретін Словакия «жасыл технологияларға» келгенде, көп елден озық.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Стивеннің ізбасары «индиго» жобасын ұсынды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Швейцария павильонында «Адамзат кітапханасы» атты мерекелік шара өтті. Басқосу барысында әлемге белгілі астрофизик Стивен Хокингтің тараздық ізбасары, 14 жастағы Исаак Мустопуло мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Индиго» жобасын іске асыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Таңғы шық елінің тарту-таралғысы
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Корея Республикасы ұлттық күнін тойлады. Бұған дейін ең үлкен павильонымен және үздік жасыл технологияларымен талайды таңдай қақтырған мемлекет қазір де әлемдегі баламалы қуат көздерін өндіру мен қолданушылардың алдыңғы қатарында келеді. Корейлер 2030 жылға дейін елдегі қуат көздерінің 20 пайызын жаңғырмалы етуді көздейді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Невзат Уянык: Бауырластық байланыстардың іргетасы берік
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен сұхбат.