Заң • 20 Шілде, 2024
Жаңа заң: Тәртіп пен талап қандай?
Журналистерді аккредиттеу тәртібі өзгереді. БАҚ өкілдерін іс-шараларға тіркеу қағидалары «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа тәртіпке қатысты түсініктеме берді.
Қоғам • 20 Шілде, 2024
Лудомания: Қауіппен жүйелі күрес толастамайды
Күні кеше қабылданған ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеуге қатысты заң негізінен елдегі қамысқа тиген өрттей қаулаған лудомания мәселесін шешуге бағытталған. Бұл кейінгі жылдары нағыз әлеуметтік, қоғамдық кеселге айналып кетті. Бүгінде осы дерттен арыла алмай, букмекерлік кеңселерді күндіз-түні төңіректеп жүргендердің көбі көрсеқызарлықпен ғана емес, қажеттіліктен де ойынхананың есігін ашып көрген. Ал оңай олжаның арты опық жегізетіні көбінің қаперіне кіріп-шықпаған.
Қоғам • 20 Шілде, 2024
39 секундта не істеуге болады? Физикалық мүмкіндігімізді ескерсек, көп дүниеге үлгермейміз. Ал Тайваньда бірден 89-қабатқа көтерілуге болады.
Қазақстан • 20 Шілде, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістанда өткен екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген еді.
Экономика • 20 Шілде, 2024
Кейіпкеріміздің әу бастағы мамандығы – қаржыгер. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Есеп және аудит факультетін тәмамдаған ол өз саласы бойынша мүлде жұмыс істемеген. Диплом бойынша қызмет қумаған Рахима Исағұлованың бүгінгі кәсібі ешкімге ұқсай бермейді. Елімізде алғаш рет ұлттық нақыштағы кебіс-мәсі тігу ісін бастаған Рахиманың өнімі бүгінде көпшілік арасында сұранысқа ие болып отыр.