Таным • 19 Шілде, 2023
Түркістан қаласында өткен ІІ Ұлттық құрылтайда еңбек адамын насихаттау туралы жақсы ой көп айтылды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі: «Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады», деп айрықша атап өтті. Осы тұрғыда күні кеше, кеңестік кезеңде алыс ауыл-аймақтарда жұмыс көрігін қыздырған бейнеткеш ата-бабаларымыздың, әке-ағаларымыздың өнегелі өмір жолын, тағылымды тірлігін бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі тұтудың да мән-маңызы ерекше.
Оқиға • 19 Шілде, 2023
Әлкей Марғұлан ауылының халқы кімнен көмек сұрарын білмей дал. Тосыннан келген дала өртінен жеке азаматтарға тиесілі 73 бас ұсақ мал тірідей жанып кеткен. Тағы жүзден астам қой-ешкіні күйік шалып, шала-жансар жатқан жануарлар күн сайын бестен-оннан өліп жатыр дейді ауыл адамдары. Мәселеге облыс басшылығы араласып жатқанымен, малға күні қараған жұртшылық айтылған сөз, берілген уәдеге сенімсіздік танытып отыр.
Өнер • 19 Шілде, 2023
Қазақ биі десе, Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиевалар бірден ойға оралатыны бар. Мамандар биді бекзат өнер деп бағалайды. Музыканың ырғағымен біте қайнасып кететін бишілердің еңбегі ерен екеніне ешкімнің күмәні жоқ.
Театр • 19 Шілде, 2023
Оныншы маусым: Операдағы озық жетістіктер
Басқа-басқа, симфония кешіне барғанның әсері тым бөлек екенін театрсүйер қауым жақсы біледі. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
Жемқорлық • 19 Шілде, 2023
Теңіздің тамшыдан, теңгенің тиыннан құралатыны секілді, Әділетті Қазақстанды да біз әділдік арқылы құра аламыз. Қазір осы бағытта жүйелі істер атқарылып жатқаны қуантады. Мәселен, қоғамның қай саласында болсын мемлекет қаржысын жымқырып келген жемқорлардың ұстала бастауы – соның анық айғағы.