Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Батыс Қазақстанда сайлаушылардың 81,3 пайызы дауыс берді
Батыс Қазақстан облысының 31 ауылдық округінде ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Жергілікті уақытпен 17.00. сағатта сайлаушылардың 70 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Шілде, 2021
Пандемия: Әлемдік туризмнің жаңа сипаты
Демалыс маусымының екінші айы да аяқталып келеді. Әдетте туристерге лық толы болатын жағажайлар мен қонақүйлер бұрынғы қарбалас тіршілікке әлі де қайтып оралған жоқ. Десе де пандемия кезінде экономикасы күрделі қиындыққа тап болған елдер әлемдегі ахуалға қарамастан, саяхатшылардың келуіне тыйым сала алмай отыр. Себебі туризм саласының жоғалтқаны көп.
Әлем • 26 Шілде, 2021
Қырғыз-тәжік дағдарысы: Мүлт жіберілген мүмкіндік
Өткен аптада Орталық Азия біраз уақыттан бері шекара дағдарысы ширығып тұрған қырғыз-тәжік қарым-қатынасына жылымық орнатар жақсы мүмкіндікті жіберіп алды.
Тарих • 25 Шілде, 2021
Геральдика - мемлекеттік деңгейде мән беретін маңызды сала
Ежелден қолданылып келе жатқан алуан түрлі нышандар мен рәміздер, геральдикалық белгілер мен таңбалар ХІ-ХІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде гербтерге айналды. Корольдер сарайларында гербтерді жасап, оның кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және геральдикалық белгілер мен түрлі бояу түстерін дайындайтын мамандарды «герольдтар» деп атаған. Кейін олар геральдика мәселелерімен айналысатын «Геральдия» мекемелеріне біріктірілген.
Спорт • 25 Шілде, 2021
Жаңа турнирдегі жорықтар басталды
Өткен бейсенбі түні қазақстандық футбол командалары УЕФА 2018 жылы негізін қалап, бірақ биылдан бастап ұйымдастырылған су жаңа Конференциялар лигасы турнирін екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қазақстан чемпионатының былтырғы күміс жүлдегері Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Хорватияның «Хайдук» клубымен, қола жүлдегер елорданың «Астанасы» Нұр-Сұлтанда Грекияның «Арисімен» және ҚПЛ-дің төртінші орын иегері Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ (Стяуа) командасымен кездесті.