Экономика • 20 Шілде, 2024
Қазандық жайынан хабардар болыңыз!
Электр энергетикасы инфрақұрылымының тозуы елімізді талайдан толғандырып келеді. Ескірген электр стансалары толық қуатта жұмыс істей алмай, жиі істен шығып жатады. Апатты жағдайдағы электр мен жылу желілері тасымалданатын энергияның шамадан тыс жоғалуына да себеп. Проблеманың бір шешімі «Тарифті инвестицияға айырбастау» тетігін тиімді жүзеге асыру болуға тиіс.
Еңбек • 20 Шілде, 2024
Қазақтың алғашқы металлургтері ұлт өндірісінің қара шаңырағы – Қарсақбайда өсіп, жетілді. Солардың бірі Қойшыбек Доспанов еді. Ол кісі туралы «еді» деп сөйлеуге мәжбүрміз. Өйткені ол 2017 жылы 89 жасында бақилық болды. Бірақ соңына жақсы жол, өшпес із қалдырып кетті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» депті Лұқпан хакім. Әрине, саналы ұрпағы болса...
Еңбек • 20 Шілде, 2024
Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға ел-жұрттың жанын ауыртып, қабырғасын қайыстырды. Көмір қазамыз деп өмірін қиған кеншілерге тағзым көрсетіліп, екі бірдей ескерткіш қойылды. Қос мүсіншінің қолынан шыққан ескерткіштің біреуі шахта жанына, екіншісі орталық саябаққа қойылды.
Экономика • 20 Шілде, 2024
Абай облысы аумағында тарихы терең өнеркәсіп орындары баршылық. Кеңес заманында жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының үштен бір бөлігін қамтып тұрды. Әсіресе, өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қорғаныс өнеркәсібі қарыштап дамыды. Әрине, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау зобалаңы бұл өңірге де тиді. Ұзақ уақыт еңсе тіктеп, ес жия алмай отырды. Дегенмен бүгінде серпіліс бар. Өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұсынған дерегіне сүйенсек, бүгінде Абай облысы бойынша 478 кәсіпорын 13 мыңнан астам адамға жұмыс беріп отыр.
Еңбек • 20 Шілде, 2024
Есембек әулетінің еселі еңбегі
Есембек әулетінің болат балқытудағы еселі еңбектері тым әріден басталады. Арғы әкелері Мұқажан қажы бойындағы қажыр-қайратын Балқаштың түсті металдар ұқсату зауытына жұмсап, мыс балқытып, болат өндіріпті. Әкенің өнегелі жолын Қабдырахман Мұқажанұлы лайықты жалғап, металлургия саласының саңлағына айналады. Қазір Қабекеңнің балалары, немерелері мыс зауытында маңдай терін төгіп жүр.