Аймақтар • 19 Шілде, 2024

Су қоймасы қайта жаңғыртылады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Жуалы ауда­нында болып, өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға арналып салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Су қоймасы қайта жаңғыртылады

фото: senate.parlam.kz

Осындағы «Теріс-Ащы­бұлақ» су қоймасы – назар аударуды қажет ететін негізгі нысандардың бірі. 1963 жылы пайдалануға берілген, секундына 36 текше метр су өткізе алатын су қоймасының 158,6 миллион текше метр су жинау мүмкіндігі бар. Дегенмен қазіргі уақытта су қоймасы шұғыл түрде қайта жаңғыртуды қажет етеді.

Сенатор аудан тұрғында­рымен кездесу барысында осын­дағы ауыл­дарға сапалы ауызсу жеткізуге баса назар аударды. Тұрғындар өткен жылы ауызсу мәселесі аса өткір тұр­ған Түктібай және Ақтөбе ауыл­да­рына таза су құбырын жеткізу мақ­сатында жо­балық-сметалық құ­жат­тар әзір­ленгені туралы мә­лімдеді.

«Біз өңірдегі инфрақұ­­ры­лым­­ды жақсартуға, оның ішінде ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты бар­лық мәселені назарда ұстайтын боламыз. «Теріс-Ащыбұлақ» су қой­ма­сын жаңғырту және Түк­тібай мен Ақтөбе ауылдарына су­мен жабдықтау жүйесін салу бірін­ші кезектегі маңызға ие. Тұр­ғындардың күнделікті өмірі үшін таза ауызсу – стратегиялық ресурс екені белгілі. Жергілікті атқарушы органдар осы мәселені бақылауда ұстап, бүкіл жұмысты уақтылы және сапалы орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы керек», деді сенатор.

Депутат сондай-ақ М.Әуе­зов атындағы орта мектептің қосымша құрылысымен де танысты. Мектепке қосымша құрылыс салуға бюджет қаржысы бөлінген болатын, ол жаңа ғимарат салуға ғана емес, ескі мектепті күрделі жөндеуге де мүмкіндік береді.