Аймақтар • 19 Шілде, 2024

Ұлт саулығы мәселесі талқыланды

120 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет халықтың репродук­тивті денсаулығын қорғауға арналған апталық өтті.

Ұлт саулығы мәселесі талқыланды

фото: gp8.kz

Апталықты ұйымдастыруға жасөспірімдердің жыныстық өмірдің ерте басталуынан туын­дайтын қауіптен арашалау мәселесі түрткі болған. Мұн­да ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер арасын­да жыныстық жолмен тарайтын инфекциялардың және АИТВ-инфекциясының таралуына жол бермеу сынды аса маңызды бағыттар бар. Ап­та­лық аясында алға қойған мін­деттерді үйлесімді іске асыру үшін жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың ресурстары жұмылдырылған. Бұ­дан алдын репродуктивті ден­сау­лықты сақтау мәселелері бойынша спикерлер пулы құ­ры­лып, жұмыстың негізгі бағыт­тары пысықталғанын айта кеткеніміз жөн.

Аптаның алғашқы күнінде Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында, сондай-ақ барлық өңірлерде баспасөз мәслихаты өткен. Мұның ізін­ше жалпы репродуктивті денсау­лық, жасөспірімдер мен жас­тардың репродуктивті денсау­лығы, отбасын жоспарлау, жы­ныс­тық жолмен тарайтын ин­фек­цияларға қарсы тұру, адам папилломавирусының алдын алу сынды күн тәртібіндегі негізі бағыттар назардан тыс қалмады. Апта шеңберінде Ұлттық комиссия мүшелері ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеу бойынша қабылданып жатқан іс-шараларға егжей-тегжей талдау жүргізді.

Бұдан өзге Ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуы­мен ақпараттық-ағарту іс-шаралары, денсаулық орта­лықтарында ашық есік күні өтті. Жастар мен жасөспірімдер, ата-аналар қауымдастығы тегін меди­циналық тексеруден өтіп, консультация алды. Сонымен қатар дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстел отырыс­тары, сауалнамалармен қоса спорт­тық және сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылған. Облыс, қала, аудан, ауылдарда ұйымдастырылған апталықта тұрғындар репродуктивті ден­саулық туралы сенімді ақпа­ратты білуге, білікті мамандарға сұ­рақ қойып, тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Ұлттық комиссия сарапшылары қарап қалмай, стационарларға, ем­ханалық буын мекемелеріне, отбасын жоспарлау орталық­тарына, Жастар денсаулық орталықтарына, балалар үйле­ріне, оқу орындарына, балалар орталықтарына барды. Олар жай бармай, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, дәрігерлермен және осы саланың бейінді мамандарымен кездесті.

Сонымен апталық бары­сында ел бойынша барлы­ғы 10 000-ға жуық іс-шара өтіп, оған 300 000-нан аса адам қатысқан. Қуан­тарлығы оның 40%-ы – жасөс­пірімдер. Өңірлер арасында Ден­сау­лық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысудан Алматы қаласы, Абай облысы, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстары көш бастады. Әкімдікте – Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Абай, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары алға шығыпты.

Апталық соңы дөңгелек үстел отырысымен түйінделді. Онда Ұлттық комиссия сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосып, қорытынды шығарды. Сәйкесінше, осы күні Ұлттық комиссия сарапшылары халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау және ны­ғайту бойынша ұсыныстарды саралай келе, ұсыныс-тілектерді басшылыққа алды.