Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты «Қазақмыс» корпорациясы мәлімдеме жасады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәлімдемеде айтылғандай қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорация кәсіпорындарында жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты «Қазақмыс» корпорациясы мәлімдеме жасады

Фото: wikiwand.com

«Компания басшылығы мен әлеуетті құрылымдар тарапынан жұмысшыларға ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ. 65 шахтадағы (ОЖК) жұмысшылардың шағын тобын қоспағанда, шамамен 40 мың адамнан құралған жұмыскерлердің басым көбі ұсынылған шарттарды қолдады», делінген мәлімдемеде.

Жезқазған мыс қорыту зауыты, Жайсаң, Шатыркөл, Саяқ кеніштері, сондай-ақ Жыланды, Жомарт, Батыс, Шығыс кеніштеріндегі үңгілеу бригадаларының жұмыстары қайта басталған.

 Шарттарды мына сілтемеден оқи аласыз.