Бокс • 17 Шілде, 2023
«Чемпиондар кешіндегі» жекпе-жек
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) кейінгі жылдары спорт әлеміндегі абырой-беделін жоғалта бастаған соң боксшылар мен жанкүйерлердің назарын аударту үшін түрлі іс-шара, жүлде қоры қомақты жарыстар өткізе бастады. Солардың бірі ретінде Таиландтың Пхукет аралында ұйымдастырылған «Чемпиондар кеші» шоуын айтуға болады. Бұл жерде жер-жаһанның ең үздік боксшылары іріктеліп, бір-бірімен жұдырықтасады.
Футбол • 17 Шілде, 2023
Футболдан УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынап жатқан Қостанайдың «Тобылы» Еурокубок додасын жеңіспен бастады. Былтырғы ел чемпионатында қола жүлдегер атанған «Тобыл» іріктеудің алғашқы айналымында Финляндияның орта деңгейлі ұжымдарының бірі «Хонка» командасымен кездесіп, аса тартысты өткен бәсекеде жергілікті жанкүйерлерді жеңісімен қуантты.
Жануарлар • 17 Шілде, 2023
Железин ауданындағы «Асан» шаруа қожалығы айдың-күннің аманында 37 бас қара малынан айырылып қалды. Былтыр несиеге сатып алған асыл тұқымды қымбат түлік айналасы бір сағаттың ішінде бірінен соң бірі сұлап, арам қатқан. Шаруа иесі де, ветеринарлар да сиырлардың неден өлгенін біле алмай отыр.
Қоғам • 17 Шілде, 2023
Өңірлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығы талқыланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен кеңес өткізіліп, онда жылумен жабдықтау жобаларын іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекке тұрғандарды түгендеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Шілде, 2023
Қазақстан Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысады
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka Ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесті. Жұмыс бабындағы кездесу аясында Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.