Спорт • 24 Шілде, 2020
Әлия Гмайнер сыйлығынан үміткер
Қазақстандық паралимпиада спортшысы Әлия Раева қоғамның дамуына қосқан үлесі және жетістіктері үшін берілетін Герман Гмайнер сыйлығынан үміткер.
Пікір • 24 Шілде, 2020
Мынау бүкіл елді жаулап жатқан пандемия, әсіресе қазаққа қырғидай тиді. Оның ішінде жақсылары мен жайсаңдары, өнер адамдары, таланттылары мен дарындыларынан айырылып қалдық. Бірақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдан келген шараның барлығын жасап жатыр. Біз Президентімізді қолдаймыз. Өйткені дәл осындай қиын шақта қазаққа керегі – бірлік.
Туризм • 24 Шілде, 2020
Ішкі туризмге иек артар кез келді
Бүкіл әлемді шарпыған коронавирус індеті бірнеше айдан бері адамзат баласын оқшаулануға мәжбүрледі. Себебі әзірге емі жоқ белгісіз инфекцияны тоқтатудың жалғыз жолы – осы екенін бәріміз түсіндік. Десе де дәрігерлер мұндай уақытта үйде еш қимылсыз отыруға болмайтынын, таза ауада көбірек серуендеу керек екендігін айтып жатыр. Жыл басында отандастарымыздың жаз мезгілінде қай елге саяхаттайтыны туралы ойлап, жоспар құрып қойғаны анық.
Оқиға • 24 Шілде, 2020
Нағыз полицей күдіктіні ұстау үшін 13-қабаттан секірді
Адамзат баласы ғасырларда бір келетін індетпен бетпе-бет келіп жатса да, ініне тығылған қылмыс пен азғындық ара-тұра бой көрсетуде. Қазір елімізде қылмыстық ахуал тұрақталды десек те, тығылып есірткі сатқан, жезөкшілікпен айналысып, кісінің мүлкіне сұғанақтық танытқан оқиғалар кездеседі. Осындай келеңсіздіктерді тойтарып, қоғам тыныштығын күзеткен азаматтар, өз ісіне адал берілген полиция қызметкерлері қандай құрметке болса да лайық.
Қоғам • 24 Шілде, 2020
Қашықтағы қызметкердің құқығы қорғалған ба?
Коронавирустық пандемияның салдарынан ірі өндіріс орындарында медициналық және санитарлық сақтық шаралары күшейтіліп, кеңседегі қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкені мәлім. Жасыратыны жоқ, онлайн режімге ауысқандардың көбі байланыс құралының шығынын өз қалтасынан өтеуде. Алайда бұл еңбек қатынастарына қайшы. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, жоғарыдағы еңбек шығындарын жұмыс беруші өтеуге міндетті.