Руханият • 18 Шілде, 2019
Ақтөбе қаласындағы «Шаңырақ» қоғамдық қоры көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып келеді. Оның мүшелері ең алдымен тұрмысы төмен, көп балалы мұқтаж отбасыларға өз көмектерін тегін ұсынуда.
Экономика • 18 Шілде, 2019
20 мыңға жуық адамның азабы – жол
Жол – экономиканың күретамыры деп бекер айтылмаған. Алайда, елімізде нашар жолдың тауқыметін тартып келе жатқан ауылдар аз емес.
Руханият • 18 Шілде, 2019
Жұртым деп келген жеткіншектер
Атырау өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шетелдердегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XVI халықаралық олимпиада өткен еді. Бұл олимпиаданың мақсаты – әлемнің 40-тан аса елінде өмір сүріп жатқан қандастардың мектеп жасындағы ұл-қызын атажұртына шақырып, елімен табыстыру, жұртымен қауыштыру, тілінің қадір-қасиетін ұқтыру болатын. Бұл білім сайысына алыс-жақын жеті мемлекеттен 62 оқушы қатысты.
Қоғам • 18 Шілде, 2019
Ереженің өзгере беруі шаруаға қолбайлау
Мемлекетіміз ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін біз секілді шаруаларға нақты көмек көрсетіп отыр. Біз оны сезінеміз. Дегенмен, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып өткендей, ауыл шаруашылығы саясатында сабақтастық, бірізділік, тұрақтылық жетіспейді.
Қоғам • 18 Шілде, 2019
Жас ғалымдардың әлеуетін пайдалану керек
Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім саласымен қатар, ғылымның дамуына тиісті көңіл бөлу қажет екенін айтып, аталған саланың беделін көтеруге қатысты орамды ойларын білдірді. Бүгінде Қазақстанда ғылымға жұмсалатын шығыс көлемі ІЖӨ-нің 0,13%-ын құрайды. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш – 2-3%. Демек, отандық ғылымға бөлінетін қаржыны көбейту қажеттілігі туындайды.