Әлем • 21 Шілде, 2022
Үшжақты саммит: Кездесуде талқыланған мәселе көп
Иранда үш елдің – Иран, Түркия және Ресей президенттері қатысқан саммит өтті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыға түсті. Ресми мәлімдемелерге көз жүгіртсек, кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланғанына екпін берілген. Дегенмен Батыс сарапшылары мұндай «достықтың» келешегіне күмәнмен қарайды.
Экономика • 21 Шілде, 2022
Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрмыз, осының көбі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер деп мақтанамыз. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жағынан тоғызыншы орында тұра алмаймыз. Тоғызыншы орынды айтасыз, халыққа ең қажет деген өнімдерді өндіре алмай, импортқа тәуелді болып отырған күйіміз мынау.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Мұнайлы өңірлердің бірінен Солтүстік Қазақстан облысына қызмет бабымен көшіп келген сыйлас азамат бірде: «Кеше бір тойға барғанымда аңғарғаным – бұл жақта «Джип» мінгендер сирек екен. Астыққа бай өлкенің тұрғындары кедей тұрады деп ойламап едім...» дегені есімде сақталып қалыпты. Әрине, кедейшіліктің өлшемшарты тұрғындардың «Джип» көлігін мінуі болмағанымен, оның айтқан сөзінде шындық бары рас.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Жұртты қауесетке сенбеуге шақырды
Шілденің басында маусымның соңғы аптасымен салыстырғанда ковид жұқтырғандар саны Шымкент қаласында 3,6 есе өскен. Қалада жыл басынан бері 8 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталыпты. Бір жасқа дейінгі 565 бала ауырған, 47 адам қайтыс болып, 500-ден астам науқас бүгінде ем алуда. Бұл жыл басынан бергі статистика. Өткен тәуліктің өзінде 145 адамнан қауіпті инфекция анықталған.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Балабақшалардың бәрі лицензияланады
«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жоспары жүзеге асырылғаны белгілі. Соның негізінде жеке балабақшалар көптеп ашылды. Жоспар орындалғанымен, сапа нашарлады. Енді лицензия алған балабақшалар ғана жұмыс істемек.