Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Түркістан. Кесене және қайықтар
«Көк түріктің бесігі, көне дүние есігі» деп ежелден құлағымызға сіңген, бүгінде қайта жаңғырған Түркістанға көп жылдан бері жолым түспей жүр еді. Биыл сонда болдым.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Ұзақ жылдар театр мен кино саласында фототілші болып еңбек еткен Қалиғұмар Қабдешевтің туған жерінде жеке фотокөрмесі өтті. Бұған дейін көрмелері алыс-жақын шетелдерде өткенімен, Шығысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Негізі, бұл көрме осыдан екі жыл бұрын ақсақалдың 80 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өтуі керек еді. Оған коронавирус дей-тұғын кесел кедергі болып, кейінге шегеріле берген...
Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Шілде, 2022
Тіршілігіміздің негізін қалап, өмір сүруіміздің заңдылықтарын қалыптастырған ежелгі ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына өз тәжірибелерінен түйіндеп: «Барын бағалай білгенге бақ қонады, құндылығын құнтай білгенге құт қонады» деген өсиет сөз қалдырыпты. Осы сөздің тамырын басып, айтпағын бүгінгі күннің тұрғысынан зерде сүзгісінен өткізіп, ой таразысына тартсақ, адамның басына бақ қонып, бақытты өмір кешуінің де, тірлік қарекетіне құт дарып, ырыздық несібесінің молайуының да тетігі – әркімнің өз ғұмырында пенделік ашкөздік бәсекенің құлы болмай, қанағат құшағында барыңның байыбына жетіп, бағасын білуінде, құндылығыңның құтын қашырмай, қадір-қасиетін сақтай алуында жатқанын аңғару онша қиындық тудырмайды. Алайда солай болғанымен, осы бір қарапайым қағиданы орындауға келгенде әлі күнге дейін ата-баба өсиетіне адалдық танытып, барымыздың бағын ашып, әрқайсысына өздеріне лайық әділ баға бере алмай жүргеніміз де шындық. Өткеннің жақсысынан үлгі-өнеге алып, оны уақыт талабына сай жетілдіріп, дамыта алмай жүргеніміз де содан болса керек.
Қаржы • 21 Шілде, 2022
Қазір еліміз екі түрлі күйді бастан кешіруде. Бірі – цифрлы даму игіліктерін тұтынуы: мемлекеттік қызметті онлайн алу, карточканы үйде отырып ашу, тіпті азық-түлікті де онлайн сатып алу деген секілді. Екіншісі – сол цифрлы игілікпен ере келген киберқатер. Былтырдың өзінде Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қатысты 21 405 қылмыстық іс тіркелген. Бұл полицияға хабарланған қылмыстар ғана. Ал онлайн үптелсе де үндемей, өзгенің қарызын төлеп жүрген жандар қаншама. «Барлық зұлымдықтың түп-тамыры ақшада жатыр дейді. Мұны ақшасыз қалуға қатысты да айтуға болады», дейді ағылшын жазушысы Сэмюэл Батлер. Ақша жүрген жер дау-дамайсыз болушы ма еді. Алдасу да, арбасу да, астамсу да сол маңда. С.Батлер меңзегендей, тақыл-тұқыл кедейленуге де, асып-тасып баюға да ақша кінәлі. Осы бір құны биік қағаз үшін қарапайым тіршілікте қаншама қызық һәм қатерлі уақиғалар болып жатқанда, қаржы әлемінің өз ішінде қандай «кереметтер» дүниеге келеді десеңізші. Бәлкім, сол себеп – қаржы тақырыбы детектив жазушылардың да қаламына жиі арқау болады.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Жабайы құстың у-шуы көп қалаға кіргенін көріп пе едіңіз? Алайда мұнайлы шаһардағы тұрғын үй алабында жайбарақат жүрген көкқұтан тұрғындарды таңдандырғаны даусыз. Құстың тұрғын үй алабына келуіне ұша алмағаны себеп болуы мүмкін.