Әдебиет • 18 Шілде, 2024
Кейінгі уақытта белгілі баспалардан көркем әдеби, танымдық, психологиялық, ғылыми жинақтар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап шыға бастады. Әсіресе балаларға арналған кітаптардың жөні бөлек. Аударма ісінің жолға қойылуы, тұлғатану өрісінің дамуы ұлт оқырмандарына жаңаша көзқарас сыйлап отыр.
Әдебиет • 18 Шілде, 2024
Тәуелсіздікті ту еткен шығармалар
Балалар поэзиясының орыс, қазақ тіліндегі қазынасын бойына сіңіріп, өзіне дейінгі, қазіргі және кейінгі жанрлық түрлерін, ізденіс, жаңалықтарын жақсы білетін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев «Тәуелсіздік деген не?» өлеңдер мен ертегілер жинағында жасөспірімдердің ойлау, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын жетілдіруін, еліміздің рәміздерін қастерлей білуін, ұлттық құндылығымызды бағалай алатындай азамат болып өсуін мақсат тұтқан.
Руханият • 18 Шілде, 2024
«Алтайдан ауған ел» спектаклі – үлкен толғанысқа толы трагедия. Жүректі толқытып, өткенге өкіндіреді. Спектакль «Сол бір ел жалпақ жұрттан неге ғана жарыла көшті екен, неге ғана бұл сапарға шықты екен? Адам туған топырағынан, тамырынан ажырамау керек пе еді?..» деген жауабы жоқ тұйыққа тіреп, тарықтырып қояды. Шешімі жоқ жұмбақ арқалап шығасың...
Руханият • 18 Шілде, 2024
Бүгінгі қазақ жазушыларына айтылатын басты сын не деп ойлайсыз? Ол – жазушыларымыздың өз замандастарының өмірін көрсете алмауы, уақыттан қалып қоюы деген әңгіме. Бұл сынның шындығы да бар, бірақ бәрін бірдей осы сөздің уысында қалдыруға бола ма? Жазылып жатқан дүниелер, сомдалып жатқан образдар бар. Соның бір айғағы – Қуандық Түменбайдың 2021 жылы «Әдебиет» баспасынан шыққан «Саябақтағы классикалық әуен» атты кітабы дер едім.
Спорт • 18 Шілде, 2024
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына (ДКО) әзірлік қызу жүргізіліп жатыр. Ұлттық спорт түрлерін қамтитын дүбірлі додаға 89 елден 2 мыңнан аса қатысушы келуге ықылас танытты.