Аймақтар • 17 Шілде, 2019
20 шілдеде Нұр-Сұлтанда ЯРКОкросс фестивалі өтеді
20 шілде күні Нұр-сұлтан қаласында Бурабай күзет аймағының табиғи минералды суы TURAN және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Посади Дерево» қоры ұйымдастырған ЯРКОкросс фестивалі өтеді. Триатлон парк Астана кешенінде өтетін қайырымдылық жарыстың басты тақырыбы - «Таңғаларлық джунгли». Фестиваль тарихында тұңғыш рет мәреге жеткендер медальмен марапатталады.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Қостанайда есірткі жарнамасына қарсы акция жалғасты
Қостанай облысы полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні жарнамалайтын жазуларды жоюға шақыратын акция өткізді. Оған жергілікті «Наша газета» басылымының журналистері де атсалысты, «Аула клубы» ұйымының жасөспірімдері көмекке келді. Бұл жөнінде Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Қоңыр Әулиедегі Қазақ батырларына ескерткіш тас белгі қойылды
Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы өз туындыларына үнемі батыр бабалардың жырын арқау етіп келеді. Несіпбек Айтұлының поэмаларын оқығандар ақынмен бірге арқаланып, қазақтың көне замандағы даласына сапар шегеді. Несіпбек Айтұлы жақында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан Абай ауданының орталығы Қарауылға арнайы келіп, Тоқтамыс ауылының маңында орналасқан Шаған өзені бойындағы Шаған шайқасына қатысқан, елі үшін, жері үшін мерт болған қазақ батырларының құрметіне тас қойды.
Руханият • 17 Шілде, 2019
Абай жырларын оқу эстафетасын Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы жалғастырды
ҚР Ұлттық академиялық қызметкерлері Абай жырларын оқу эстафетасын жалғастырды. Мекеме ұжымы эстафетаны ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызынан қабылдап алды. Бұл туралы Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 17 Шілде, 2019
«Отырамын деп еріншек өлер, жаманға жақсылық қыламын деп көңілшек өлер». Қоғамымызда белең алып бара жатқан кей құбылыстар осы сөзді ойға оралтады. Қараңызшы, қайда барсаңыз да жұмыссыздық мәселесі алдымыздан шығады, қайда барсаңыз да қол жайған қайыршыдай бюджет қаражатынсыз қадам баспайтын қалың жобалар қаулап кеткенін көресіз. Бейнебір жалқаулық пен іскерліктің арасы бір-ақ тұтам іспетті әсер қалдырады. Әрине, мемлекеттің қолдауы қажет. Бірақ кез келген саланы өркендетуі, инвестициялауы тиіс кәсіпкерліктің өзі үкіметтік қолдаудың инесіне отырғанын аңдау қиын емес. Бұл – қауіпті үрдіс. Масылдықты маңайлатпау үшін не істеуге болады?