Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Жергілікті экологтар мен табиғат қорғау белсенділеріне құлақ түрсек, Ертіс өзенінде судың ластануы, жайылмадағы шабындықтарға көктемде жайылған судың қара күзге дейін тартылмауы, жағалаудағы диқандардың су тапшылығына ұшырауы секілді алаңдатарлық мәселелер аз емес. Осы орайда, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасы өзеннің экожүйесін қалпына келтіру бағытында бірқатар шараларды қолға алуда.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Жақында әлеуметтік желіде тараған бір видеодан Арал теңізі айдыны ортаймаған кезіндегі жағалауында иін тірескен кемелерді көрдік. Ине шаншар жер жоқ-ау. Айлақта иін тірескен кемелердің арасынан саңылау тауып шығудың өзі қиын. Жүзін теңіз тұзы шайған капитандар әртүрлі дауыстағы гудоктарын бақыртып, өне бойын тер жуған боцмандарына жедел қимылдап, жағадан ашық теңізге шығу үшін дауысы қарлыққанша айқайды салғаны анық. Кеменің екі жақтауын кемерлеген балықты қабылдау орындарына өткізіп, мұрты майланған теңізшілер күнге күйіп тотыққан жүздеріне нұр үйіріліп, масаттанып аппақ тістерін көрсетіп ақсия күлген шығар-ау...
Экономика • 17 Шілде, 2019
Щучье қаласында америкалық технология бойынша сиырдың мәрмәр етін өндіретін кешен іске қосылды. Ет өңдеуші кәсіпорын қайта құрылғалы бері өндірілетін өнім көлемі жылына 2 мың тоннадан 6 мыңға дейін ұлғайтылды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Халықаралық автошеру Атырауға келді
Бұл жай ғана автокөлікпен ел аралап қайту емес, – дейді «Зов предков-2019» экспедициясының жетекшісі Эрнест Ким. – Еуразия құрлығындағы жеті мемлекетті біріктірген гуманитарлық жобаның басты мақсаты – достықты дәріптеу. Мәдени-ағарту, білім, таным бағыттарында қолға алынып жатқан жақсы жетістіктерді жария ету.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Арыстық жасөспірімдер Жамбылда демалуда
Мектеп оқушыларының жыл сайынғы жазғы демалысты асыға күтетіні ақиқат. Жадыраған жаз мезгілі келісімен әулиеаталық өрендер осындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалып, маусымды мағыналы өткізетін. Енді биыл олардың қатары Арыс қаласынан келген оқушылармен толықты. Арыстық жеткіншектер де Жамбыл өңірінің жайсаң табиғатымен танысып, тұнық ауасымен тыныстауда.