Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Арыстық жасөспірімдер Жамбылда демалуда

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мектеп оқушыларының жыл сайынғы жазғы демалысты асыға күтетіні ақиқат. Жадыраған жаз мезгілі келісімен әулиеаталық өрендер осындағы жазғы сауықтыру лагерь­лерінде демалып, маусымды мағыналы өткізетін. Енді биыл олардың қатары Арыс қаласынан келген оқушылармен то­лықты. Арыстық жеткіншектер де Жамбыл өңірінің жайсаң табиғатымен танысып, тұнық ауасымен тыныстауда.

Арыстық жасөспірімдер Жамбылда демалуда

Осы уақытқа дейін Арыс қала­сынан келген 101 оқушы Жам­был ауданы, Жасөркен ауылы­ның аумағында орналас­қан «Болашақ» сауықтыру лагеріне жіберілген болатын. Сонымен қатар бүгінде 16 бала Жуалы ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру кеше­ні мен «Бәйтерек» лагерін­де демалуда. Жуырда тағы да арыстық 100 жеткін­шек Әулие­ата өңіріне келді. Ба­ла­­лар­ды Жамбыл облыс­тық білім басқармасы басшысы­ның орынбасары Жәмила Бек­батырова күтіп алды. Тараз қала­сындағы мектеп олимпиа­даларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін об­лыс­тық орталықта Арыстан кел­ген жасөспірімдерге балмұз­дақ тара­тылды. Сонымен қатар атал­­ған орталықтың өнер­лі шә­­кірт­тері көрші өңір­ден кел­ген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұйым­дас­тырды. Шара барысында Жәмила Бекбатырова арыс­тық балаларға жылы лебі­зін жеткізіп, жазғы демалыс­та жаңа достар табуға тілектес­тік біл­дірді. 

Сондай-ақ ол өз сө­зінде жазғы демалыс ла­­герь­­лерінд­е оқушылардың шы­­ғар­­ма­шылық әлеуетін дамы­ту­­ға барлық мүмкіндіктің қа­рас­ты­рыл­ғанын да атап өтті. Мұн­да балаларға арна­лып дема­лу­ға қажетті спорт­тық, шо­мы­лу киім­дері мен гигие­налық заттар, сонымен қатар бас киім­дер мен аяқ киімдер таратылды.

Өңірге келген 100 жасөс­пірім­нің ішінен 15 бала Т.Рыс­құлов, 30 бала Меркі, 20 бала Байзақ және қалған 35 бала Жуалы аудандарына жіберілді. Олар аталған аудандарда орналасқан демалыс лагерьлерінде 20 күннен астам тынығып, тынығу барысында түрлі қойылымдар мен өзге де танымдық кештерді тамашалайтын болады.


Жамбыл облысы