Пікір • 14 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы «Amanat» фракциясының депутаттары бастамашылық еткен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды әрі тағдыршешті қадам.
Форум • 14 Шілде, 2023
Халықаралық сарапшылардың басқосуы
Астанада Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты көздеген халықаралық форум өтіп жатыр. «Өзгермелі әлемдегі Азия: Болашақтың күн тәртібі» тақырыбында ұйымдастырылған алаңға жаһанның 25 елінен 60-тан астам сарапшы жиылды. Екі күнге орайластырылған ауқымды іс-шараға Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сыртқы істер министрлігі мұрындық болды.
Көрме • 14 Шілде, 2023
Кеше «Jańa Dala / Green Day-2023» Дала күні жыл сайынғы мамандандырылған оныншы көрмесі басталды. Көрме Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС алаңында, Астанадан 90 шақырым жерде өтіп жатыр.
Қоғам • 14 Шілде, 2023
Елімізде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін реттеудің жеңілдетілген рәсімін (Еурохаттама) іске асыруға арналған мобильді қосымша прототипінің тұсаукесері жасалды. Мұны «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырды. 2024 жылдан бастап тұтынушылар мобильді қосымшаны пайдалана отырып, сақтандыру төлемін алуға өтініштерді жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орнынан жол полициясын шақырмай және сотқа жүгінбей ресімдей алады.
Банк • 14 Шілде, 2023
Ұлттық банктің жаңа мүмкіндігі
Ұлттық банк Астанаға көшеді деген әңгіме шыққалы бері ел ішінде «Алматының қаржы орталығы ретінде танылуына Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер арқылы ықпал етті» деген пікір басым болды. Тұрғындары нарыққа ертерек бейімделді. Алматының бизнеске деген ерекше ықыласы ел бизнесіне дем берді. Сарапшылар бұл пікірдің негізі барын айтады.