Қазақстан • 17 Шілде, 2019
Сабақтастық стратегиясын саралау
Таяуда Президент Телерадио кешені жарыққа шығарған деректі фильм «Билік эстафетасы: сабақтастық пен тұрақтылық стратегиясы» деп аталады. Көрермен көңіліне көшелі ой салар бұл көркем туындыда дүйім дүние жүзін елең еткізген елеулі оқиға – Қазақстандағы билік алмасу процесінің өзгелерге өнеге етерліктей тағылымдары таразыланып, саяси сабақтастық салтанатының қыр-сыры сараланады.
Экология • 17 Шілде, 2019
Химиялық қалдықтардан қатер көп
Көктемде туған жерге оралатын жыл құстары ел шетіне іліккенде қас пен көздің арасында қынадай қырылып қалды. Өте аянышты хәл. Құстардың қолдан жасалған өлімін, оның обалын кімге артамыз? Ақтөбе облысындағы бұрынғы Алға химия зауыты аумағында жыл сайын осындай көрініс орын алып жүргені ешкімге құпия емес. Мәселенің мәнісі мынада. Бұл жерге сонау 1961 жылдан бергі аралықта 26 миллион тонна шлам үгінділері және 730560 тонна қатерлі химиялық және өнеркәсіптік қалдық жиналған. Қазірге дейін соның бәрі жойылмай, көмілмей, ашық аспан астында қоршаған ортаға үлкен залал келтіріп жатыр.
Экономика • 17 Шілде, 2019
«Қарапайым заттар экономикасы» қалай дамып жатыр?
«Теңге тиыннан құралады» демекші, бизнесте шағын мекемеден ірі компанияға айналған ұйымдар жетерлік. Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, әйгілі полковник Сандерс (Харланд Дэвид Сандерс) кішігірім дәмхананы он жылдың көлемінде дүйім Құрама Штатқа танымал мейрамханаға айналдыра білді. Бүгінде аталған жедел тағам мейрамханасының шартараптағы желілерінен өзің шатасасың. Тізбектей берсек мұндай мысалдар жетерлік. Ал біздегі шағын бизнес конъюнктурасының деңгейі қандай? Отандық кәсіпкер қызмет көрсету ландшафтының ауқымын кеңейтуге қаншалықты мүдделі? Қазақстан «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толық пайдаланып жүр ме?
Экономика • 17 Шілде, 2019
Квазимемлекеттік сектордағы керенаулық
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ұшыраған мәселелердің бірі квазимемлекеттік секторға қатысты. Президент бюджеттен ақша алып отырып, шығынға батып жүрген компанияларды анықтауды тапсырды.
Президент • 16 Шілде, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм парақшасында жазды.