Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Жуалының жасыл табиғаты демалысқа қолайлы
Елімізде туризм саласын дамыту кезек күттірмейтін мәселенің бірі десек, Жамбыл облысын туризм орталығына айналдыру да бүгінде күн тәртібінде тұр. Ежелгі өркениет ошағы саналған, сауда экономикасы дамыған Әулиеата аймағы бүгінде отандық туризмді дамытуға қолайлы. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, ұлттық тарихымызды танытатын тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандардың өзі келушілердің қызығушылығын оятып, туристер санын арттыра түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар өңір табиғаты да шипажайлар мен демалыс орындарын салуға сұранып тұр.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Таулы Алтайдың ең биігін бағындырды
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының, Азия даму банкі, Еуропа Қайта Құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының өкілдері мен жергілікті экологтардан құралған халықаралық экспедиция 23 маусым мен 1 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы Таулы Алтайдың Белуха шыңын (4509 метр) бағындырды.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Elbasy joly – жаңа туристік маршрут
Қарағандыда Elbasy joly жолы деп аталған жаңа туристік маршруттың тұсаукесері болды. Ашылуы Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған жаңа тарихи-ақпараттық турға Қарағанды облысының әкімдігі бастамашы болған.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Құнанбай қажы қойғызған ай белгісі табылды
1851 жылы Қарқаралыдағы қажы салғызған мешітке орнатылған қасиетті белгі бүгінгі күнге аман жетті. Бұл тақырыпқа мақала жазу туралы ой өңім түгілі, түсіме де кірмес еді. Бәрі Алланың қалауымен аяқ астынан болды.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Тарландардың тұяғы немесе менің «Үш жүзім»
Тауық жылы өз басым үшін тақа жайлы бола қойған жоқ. Орысша Қызыл қораз аталатын хайуан шоқыған тұсын ойсыратып, бір сарша тамыздың ар жақ-бер жағында төрт бірдей ең жақын, ет жақын азаматымнан айырылдым. Тай-құлындай тебісіп бала күнімнен бірге өскен асық достарым, асыл достарым сан қырлы өнерпаз, қажырлы қайраткер Олжабай Нұрғалиев пен медицина докторы, вирусолог ғалым, профессор Жәмшит Темірбеков дүние салды. Қадірлі құдам, ұлағатты ұстаз, шет тілі маманы Тілеужан Сүгірәлиев қайтыс болды. Студент шағынан қанатымның астына алып тастүлектей баулып, тәлім-тәрбиемді аямай, қарымды қаламгер, қабырғалы басшы қылып шығарған шәкіртім Жұмабек Кенжалин ойда жоқта кенеттен көз жұмды.