Ауыр атлетика • 21 Шілде, 2022
Осыдан бір ай бұрын Мексикада өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алған Едіге Емберді енді, міне, Сары құрлық бәсекесінде топ жарды.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Моноқаланың мұңы бітпеді дерсіз, әйтсе де халықтың өтінішін жерге тастауға болмас. Бізге хабарласқан тұрғындар тілегін ескере отырып, мәселінің мәніне үңілуді жөн санадық. Текелідегі №8 мектептің маңында жайқалып тұрған көптеген қарағай ағашы түбірімен кесіліп кеткен. Ағаштардың құлап жатқанын көрген тұрғындар дабыл қағып, заңсыз шабылғанын жеткізді.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Қара Ертістің бойынан өрт шықты
Сонау Бесбоғданың бөктерінен бастау алатын Қара Ертіс өзенінің Зайсан көліне құяр сағасы тұсында өрт шықты. Тілсіз жау 390 гектарды шарпыған. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары солай дейді.
Өнер • 21 Шілде, 2022
Өнерде шекара жоқ. Музыка да солай. Ұлтқа, тілге, дінге, ұстанымдар мен көзқарастарға бөлінбейді – тек талантты таңдайды. Адам да талғамайды. Жақсы әуенге тек жүрек керек. Нәзік сезімдердің нотаға түсіп, әуелей аспанға көтерілгенін тек есту керек. Жан-дүниеңді еліткен сол әуез жоғарылаған сайын өзің де бір толқып, бір түсіп, бір суып, бір ысып отырасың. Музыканың құдіреті де осы.
Руханият • 21 Шілде, 2022
Өмір деген – әліппе, біз – тілазар оқушымыз. Көңіл деген – керуен, біз – таң алагеуімде ақ қанат бұлтқа арманын асатқан ақтолқын құстармыз. Тағдыр деген – жетіқарақшы, біз – алдымыздан ақтабан жол шығардай асыға жүгірген адасқақ жолаушымыз. Дүние тыныс тапқан бейқам сәтінде көмейіне бұқтырып келген қиялына қимай қарап тұрған көкжиекпіз. Қарашығына ұя салған сағынышты көз жасымен жуып-шайған ақша бұлтпыз. Ал сіз кім боласыз?