Тарих • 13 Шілде, 2023
Бояу бедерлеген тылсым дүниелер рухыңды оятатын эликсир тәрізді, жанарыңызға қондырсаңыз жаныңыз жадырап сала береді. Бізге бұл әсерді алғаш ұлы суретші Әбілхан Қастеев сыйлады, әлі де сыйлап келеді. Қазақтың тауы мен жайлауын, тасы мен құмырсқасын суретшідей сүйген жан болсашы.
Тарих • 13 Шілде, 2023
«Айсұлу» операсы кімге арналған?
Қазақтың музыка өнерінде көрнекті композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың алар орны бөлек. Оның таланты сан қырлы. Консерваторияны бітірмей-ақ шұрайлы шығармаларымен елге танылды. Музыканың күрделі жанрларына құлаш сілтеп, скрипка мен фортепианоға арналған сонаталар, пьесалар, хорлар, драмалық қойылымдарға музыка, тыңдармандарды нәзік сезімге бөлеген бірнеше ән мен романс жазды.
Қоғам • 13 Шілде, 2023
Жақында Италияда өткен байдарка мен каноэ есуден жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Мария Бровкова елге оралды. Әлем чемпионын облыс әкімі қабылдап, құрмет көрсетті.
Ұлттық спорт • 13 Шілде, 2023
«Qazaq kuresi» жаңа бағытта дамиды
Кейінгі жылдары елімізде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық ойындарымыз ерекше қарқынмен дамып келеді. Оны еліміздің әр түкпірінде жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқан Азия және әлем чемпионаттарының деңгейінен байқауға болады. Ұлттық спортымыздың ерекше ұлықталуына әр спорт түрінің жеке-жеке федерация болып құрылуы оң әсер етіп жатқанын да айта кеткен жөн.
Энергетика • 13 Шілде, 2023
Дархан Доғалақов: «Жасыл» энергияның өз жобалауы бар
Бүгінде елімізде жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 5%-ын құрайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 16%-ға жеткізіп, кем дегенде 7 ГВт енгізу міндеті қойылған. Бұл ретте «жасыл» технологияларды дамыта отырып, олардың ғылыми-техникалық негіздемесін, өндірістік тиімділігін, сондай-ақ табиғи ортаға әсерін жан-жақты зерделеу маңызды. Осы мәселелер төңірегінде «Samal Energy» ЖШС-ның директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің оқытушысы, инженер-конструктор Дархан ДОҒАЛАҚОВПЕН әңгімелескен едік.