Аймақтар • 16 Шілде, 2019
«Қасқасу» тау - шаңғы курортының жобасы талқыланды
Түркістан облысы Төле би ауданында жүзеге асырылуы тиіс «Қасқасу» тау - шаңғы курортының жобасы Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Қазақстанның туристік картасы» ТОП – 50 нысанының тізіміне, сондай-ақ Түркістан облысын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді. Яғни өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ұсыныс жасалып, шамамен 10 жыл бұрын халықаралық стандарттарға сай келетін тау-шаңғы курорты құрылысы жүргізілетіні жария етілгенімен іске асырылмай келе жатқан жоба нақты қолға алынатынына алғышарттар жасалуда.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Ахат Бекмәди: Ел газетін 80 жыл үзбей оқыдым
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат ақсақал биыл ғасырлық тойын атап өткелі отырған «Egemen Qazaqstan» газетінің ежелгі оқырманы екен. Қария 1923 жылы қазіргі Ақмола облысы Астрахань ауданы Қоскөл ауылында туыпты. 1939 жылы 16 жасында Қызылжар қаласындағы мұғалімдер даярлайтын училищеге оқуға барады. Осы жылдан бастап ел газетін үзбей оқып келеді. Міне, биыл 80 жыл. Тіпті қан майданда жүріп те арагідік қолына ілінген «Социалистік Қазақстанды» окопта жатып оқыған. Сол тұста басылым бетіне жарияланған майдан жайлы мақалалар еміс-еміс есінде.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Семей – көне тарихқа бай жер. Қаладағы Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейде жақында ғажайып бір көрме өтті. Келушілердің назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды. Олардың басым бөлігі кітаптар, журналдар, фотоаппараттар мен сағаттар коллекциясы. Десек те бұл жәдігерлердің ең қызығы қытайдың сиқырлы айнасы болып тұр. Айна адамдарға тура қарамай қашқақтай береді. Мұны Семейдегі «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов былайша түсіндіреді:
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауылындағы Әміре Қашаубаев атындағы Қайнар халық театрының құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар аталмыш театр сахнасында көптеген таланттар өнер көрсетті. Осы мезгіл ішінде өнер ұжымы 300-ден аса спектакль қойыпты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Кәсіпкер әйелдер әлеуетін арттыру қолдауға ие
«Әйел – қырық шырақты» дейді халқымыз. Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Бұған мысал – Маңғыстау өңірінде 52 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген болса, оның 50%-ға жуығы әйелдер еншісінде болуы.