Білім • 16 Шілде, 2024
Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада – IBO-2024 өз мәресіне жетті. Алғаш рет IBO осыдан 34 жыл бұрын 6 елдің қатысуымен өткен еді. Биыл Қазақстанда өткен білім бәсекесіне 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысып, олар өзара 150-ге жуық марапатты сарапқа салды. Олимпиаданың жабылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, елшіліктер мен жоғары оқу орындарының, ғылыми институттардың өкілдері, сондай-ақ IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова қатысты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2024
Кәсіпкерлікті қолдаудың тың тетігі
Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды. Жоба өңірлік кәсіпкерлер палатасында таныстырылды. Салтанатты іс-шара «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы мен өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті.
Аймақтар • 16 Шілде, 2024
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында шаһардың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін нақтылау мен қала аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сессия отырысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен аудан, басқарма басшылары қатысты.
Руханият • 16 Шілде, 2024
Арман ағаны көптен білемін демеймін. Үнемі жымиып қойып, жан-жағына бағдармен қарайтын онымен алғаш танысқанда, елдегі көп өнерпаздың бірі болар деп іштей тон пішіппіз. Өйткені ауданның қай іс-шарасында да қобызы мен домбырасын арқалап-ақ жүретін. Жо-жоқ, артынша жалғыз Қазалы, Қазалы тұрмақ Қызылорда асып, елге танымал болған «Әуезовтер» ансамблінің жетекшісі екенін білгенде...
Руханият • 16 Шілде, 2024
Заман біздің жағдайымызға қарай икемделмейді, біз оған қарай икемделуге мәжбүрміз. Ал оған қай кезеңде де барынша ықпал ете алатын сала – журналистика. Бұл саланың да өз қолбасшылары мен өз жауынгерлері бар. Өтпелі өмірде олар да артына із қалдыра көшеді. Уақыт өте келе, ол ізді жалғастырушылардың ішінде де қарымдысы мен дарындысы дараланып көріне бастайды.