Медицина • 30 Шілде, 2020
Ерлі-зайыпты Қуан және Найля Қабылдиндердің медицина саласына келген жолдары екі түрлі болды. Мысалы, Қуан Советұлының дәрігер болуын кездейсоқтық деп те айтуға болушы еді. Орта мектептің сегізінші сыныбын бітіргеннен кейін, туған топырақ – Қарқаралыдағы мал дәрігерлік техникумға түскен. Аталған оқу орнын үздік бітірген өрен үшін мол мүмкіндіктердің қақпасы сол кезде айқара ашылған еді. Қолында Мәскеудегі Тимирязев атындағы аграрлық университетке берілген мақсатты жолдама болды. Дегенмен, бұл – ел ішіне аласапыран ала келген 1991 жыл еді. Алысты болжайтын әдеті бар әкесі ұлдың тұңғышын алысқа жіберуден бірден бас тартқан.
Қоғам • 30 Шілде, 2020
«Бүлінген» блогерден өнеге алма!
Қазір әлеуметтік желіде мынадай қызық үрдіс бар. Кез келген даулы оқиғадан кейін кінәлі тарапты ақтаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап шыға келеді. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Әркім әлеуметтік желідегі парақшасына не жазатынын өзі біледі. Әйтсе де, кенеттен бір сарынды жазбалардың қаптап кетуі күмән тудыратыны бар.
Қоғам • 30 Шілде, 2020
Ғарифолланың есімі тізімге неге кірмеді?!
Әйгілі әнші, Қазақ КСР-нің халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ономастикалық тізімнен сызылып тасталған көрінеді. Қазақстанның батыс өңіріне тән Мұхит ән мектебінің ірі өкілі, 1934 жылы Алматыға келгеннен бастап бүкіл өмірін өнерге арнаған, жүздеген шәкірт даярлаған қайраткер ұстаз, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аңызға айналған Ғарекеңе – Ғарифолла Құрманғалиевке қиянат жасау деген ойдың өзі ақылға сыйымсыз көрінеді.
Оқиға • 30 Шілде, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Барлық мұсылман қауымы мен қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үкімет • 30 Шілде, 2020
Кәсіпкерлерді қорғауға көңіл бөлінуде
Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында шағын және орта бизнесті, жалпы экономиканы қолдау бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.