Қаржы • 12 Шілде, 2023
12 маусымға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкі 12 шілдеге арналған валюта бағамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Шілде, 2023
Ауыл шаруашылығы саласында жаңа өнім дайындау үшін көп еңбектену керек. Мамандар жаңа тұқым сұрыбын шығаруда түрлі тәжірибеге барады. Осы ретте Сарқан астықты мал азықтық мемлекеттік сорт сынау учаскесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-нің ұйымдастыруымен Дала күні өтті.
Аймақтар • 12 Шілде, 2023
Жемшөп бағасының биыл тіпті шарықтайтын түрі бар. Неге десеңіз, шаруалардың дені әлі шабындыққа шалғы салған жоқ. Шөптің шамалы болса да көтерілгенін күтуде. Техникалары сақадай-сай. Жердегі көктің құнары үшін көктен жауын тілеп отыр. …Не керек, ауылдағы ағайынның алаң көңілі – мал азығының қамын күйттеу болып тұр.
Ғылым • 12 Шілде, 2023
Жамбылдық жас ғалым Дәулет Егембердиевті жергілікті жұрт «Жер дәрігері» деп атайды. Оның өзі ойлап тапқан «Biomeliorant» тыңайтқышының жаһанда баламасы жоқ екеніне сенімі мол. Тоз-тозы шыққан егістік алқаптары мен сор тартқан жерді химиялық жолмен емес, биологиялық жолмен қалпына келтірудің маңызы зор екенін ғалым ұдайы айтып жүр.
Туризм • 12 Шілде, 2023
Жас өлкетанушылар экспедициясы
Назарбаев зияткерлік мектептер желісінде он жылдан астам уақыт жалғасып, дәстүрге айналған «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы – оқушылардың академиялық білім ала отырып, ғылыми жоба жасауына мүмкіндік беретін бірегей эксперименталды алаң. Әр өңірдің оқушылары экспедиция барысында туған өлкесінің көрнекті жерлерін аралап қана қоймай, ғылыми жобалар портфолиосын құнды ақпараттарға, зерттеулерге толтырады.