Қоғам • 20 Шілде, 2022
Сақтанбағанға судан да қауіп бар
Жаз маусымы қызған сайын жағажайда демалған жұрттың қарасы көбейіп тұр. Бірақ адамдар от пен судың да қатері барын қаперден шығарып алмау керек екенін үнемі ескере бермейді. Ал мұндай жағдайлардың көбі қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Өкініштісі, бұл қаралы тізімге енгендер арасында Алматы облысы тұрғындары да азаймай тұр.
Білім • 20 Шілде, 2022
Екі мектеп пайдалануға беріледі
Биылғы оқу жылында Семейдің білім беру қоры екі жаңа мектеппен толығады. Мәселен, Шығыс кентінде 1 200 оқушыға арналған мектеп ашылса, Степной кентінде 300 орындық мектеп балалардың игілігіне беріледі.
Қаржы • 20 Шілде, 2022
Бақылау-касса бағдарламасын жаңарту қажет
Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қаржы • 20 Шілде, 2022
Венчурлы инвестиция – ақылды капитал
Инвесторлардың жоғары технологияық компанияларға инвестиция құйып, одан қысқа мерзімді перспективада табыс табуға деген ұмтылысын венчурлы индустрия деп атасақ болады. Сан түрлі стартап, өнертабыс және тың технологиялық серпілістердің пайда болуы, венчурлық нарықтың да көрігін қыздырып жатыр.
Өнер • 19 Шілде, 2022
Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің маңдайы жарқыраса, былтыр Рухия Байдүкенова жарқ ете қалған «Славян базары» халықаралық фестивалінен қазақ өнерінің қоржыны биыл да құралақан қайтпады. Атап айтқанда, 12 жасар Әлинұр Хамзин музыкалық «Славян базары» халықаралық балалар байқауында лауреат атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.