Өнер • 19 Шілде, 2022

Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің маңдайы жарқыраса, былтыр Рухия Байдүкенова жарқ ете қалған «Славян базары» халықаралық фестивалінен қазақ өнерінің қоржыны биыл да құралақан қайтпады. Атап айтқанда, 12 жасар Әлинұр Хамзин музыкалық «Славян базары» халықаралық балалар байқауында лауреат атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді

Соңғы 5 жыл бойы республикалық, халықаралық ән байқаулары мен тележо­ба­ларға қатысып жүрген Әлинұр «Славян базарының» алғашқы күні Мұқағали Мақатаев­тың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін шырқады. Қазылар алқасы жер­ле­сіміздің өнерін жоғары бағалады. Жа­рыстың екінші күні жас өнерпаз Смоки Робинсонның Who's Lovin' You әнін орындады. Осы­лайша, жас әншінің жұлдызы жанып, 138 ұпай жинап, лауреат атанды.

Әлинұр Хамзин 2010 жылы Орал қала­сында дүниеге келген. Бүгінде қаладағы №27 және №1 музыкалық мектептерде білім алып жатыр. Парижде өткен Junior Euro­vision байқауы мен Ташкентте өт­кен «Роза востока» атты халықаралық са­йыс­тарға қатысқан жерлесімізді жеңісімен құт­тықтап, шығармашылық табыс тілейміз.