Музей • 11 Шілде, 2023
Жезқазғанның солтүстік – батысында 40 шақырымдай қашықтықта Жезді кенті орналасқан. Кеңес одағының марганец өндіретін негізгі кен орны – Никополь фашистердің қол астында қалып қойған кезде танк құрастыруға аса қажетті сол шикізаттың осы жерден табылғанын естіген Гитлер «Сталин қайдағы бір Жезді дегенді тауып алыпты» деп жынданып кете жаздаған деседі. Ал мұртты көсем күн сайын телефон шалып, кеніштің жұмысын тікелей өзі бақылап отырған көрінеді. Сөйтіп, осылайша, кешегі сұрапыл соғыс жылдарында небәрі 38 күнде пайдалануға берілген марганец кеніші Жездінің атын берісі одаққа, әрісі әлемге әйгілі еткен еді. Ал қазір кішкентай ғана кенттің атағын осында орналасқан «Мәкен Төрегелдин атындағы Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» аспандатып тұр. Бұл неғылған музей? Мәкен Төрегелдин деген кім?
Тарих • 11 Шілде, 2023
Ұсынылып отырған суреттердің сақталып келгеніне бақандай 85 жыл болыпты. Осы суреттер бүкіл ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз Әкімқожа Садыровтың архивінен алынып отыр. Бұл туралы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетінің 1938 жылғы студенті Ә.Садыровтың естелігін оқып көрелік.
Төтенше жағдай • 11 Шілде, 2023
Соңғы күндері аптап ыстыққа байланысты Батыс Қазақстан облысында түрлі өрт оқиғасы жиіледі. Әсіресе 9 шілде күні облыстың әр жерінде шыққан өрт саны 40-тан асып кетті.
Дәстүр • 11 Шілде, 2023
Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 2014 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, зиялы қауым өкілдерінің демеуімен ашылған. Яғни мұндай мекеме еліміз бойынша тек Шымкентте ғана бар.
Теннис • 11 Шілде, 2023
Юлия Путинцева Швециядағы жарысты жеңіспен бастады
Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.