Әдебиет • 19 Шілде, 2022
Қазақтың жанайқайы, арман-мұңы
Қазақ поэзиясының ХІХ ғасырдағы, нақтылай айтқанда, әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай Қанайұлы ақындық қуатын, дарынын шынайы пейілімен тек өз елінің бақыты үшін жұмсады. Сондықтан да ол аузы дуалы, ақиық ақын ретінде үлкен құрметке ие.
Әдебиет • 19 Шілде, 2022
Тарих • 19 Шілде, 2022
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мәселесіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айрықша назар аударып келеді. 2020 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру еді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
Цифрландыру ел дамуына серпін береді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде цифрландыру жүйесі баяу жүріп жатқанын сынға алған еді. Президенттің тапсырмасына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы жоспарлары мен қандай жұмыстар қолға алынып жатқаны жөнінде мәлімдеді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
«Орман, орман бала орман, Күйі сыры бар орман. Саяңа ендім тағы да, Татқызар болсаң бал орман».Бұл қазақтың шайыр қызы Марфуға Айтқожинаның өлеңі. «Қыз бен орманның тілдесуі». Дұрысы Ару қыздың арманы, ойы, жаны, жүрегі, сезімі, сенімі селт еткені. Сергелдеңге емес сезім деген құдіретті күштің еркіне еріксіз бөленуі, берілуі. Ақын арудың көңілін, жан-тамырын қалай дөп басқаны құдды Риманың... кешіріңіздер Рымбаланың өзін айтып тұрғандай. Рима да осы орманның ішінде бойжетті. Қыз болып қылтиып әлемге қарады. Күні бойы орманда жеміс-жидек теретін. Кейде құс төсектей қалың мүктің үстінде жатып сонау биік қарағайдың ұшына қарайтын. Аппақ бұлтты бұтағына орап алған зәулім қарағай жәймен ғана сол бұлтты тербеткендей. Әлде сілкігендей... Ақша бұлт та ғашығының саусағынан үзіліп айырылғандай әлдеқайда маужыраған қалыпта маңып барады.