Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Зиялы деген зипа сөз. Жиі айтылмайды, шыны керек, айтайын десең адамы табылмайды. Тіпті, танымай жүруіміз де мүмкін-ау. Жастау кезімізде зиялы адам әдемі киінген, институт бітірген, докторлық қорғаған, үлкен кабинетте істейтін адам болып көрінетін. Жүре келе зиялы болып жүргендер мүлдем басқа кейіптегі міскіндер болып шыққанда әуелі таңырқадық, бірақ кейін оған бойымыз да, ойымыз да үйреніп кетті. Түйсігімізге ден қойсақ, зиялыны өмірдің өзі екшеп, өзі танытады екен. Оның өзі оңайлықпен өрілер кәсіби тәлім, нәсіби сый емес, тектіліктен тарайтын қасиет екен. Мәдениет пен білім сәулесі ондай жанның сөзіне сабыр, жүзіне нұр беріп тұрар болар, сірә. Мұндай мінездің ақиқаты сол: өзегінен тартып өмірден сіңген нұрлы құйылыс адамдық болмысқа айналады. Болмыс бояуынан да, саналық ояуынан да айнымайды.
Кемел елдің келісті келешегі, осы елді мекендеп отырған ұлттың ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтарымыз жетерлік. Соған мың да бір шүкір дейсің. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Қостанайда «Ұлы дала тұлғалары» экспедициясы жолға шықты
Торғай өңіріне, Амангелді, Жанкелдин аудандарының елді мекендерін аралайтын экспедиция осылай аталды. Бұл жолы экспедиция жұмысы нақты Кейкі батырға арналады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Қостанайда жоғалған баланың мәйіті 8 күннен кейін табылды
Суда іздеу жұмысын жүргізген волонтерлер тобы шілденің 4 күні жоғалған 8 жасар Игорь Коцтың мәйітін Тобыл өзенінің Кәріс көпірі аумағынан тапты.
ЭКСПО-2017 • 11 Шілде, 2017
ЭКСПО-ның миллионыншы келушісі белгілі болды
27 жастағы Астана тұрғыны «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің миллионыншы келушісі атанды.