Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Кеңес заманында Қарағанды зообағында сөйлейтін Батыр атты піл болған. Пілдің ондай қабілетін парк қызметкерлері 1977 жылы байқап, кейін әртүрлі БАҚ өкілдері дәл осы піл туралы жарыса жазады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Қола дәуірінің жәдігерлері табылды
Атырау облысындағы «қақпақты қара қазан» атанған Қызылқоға ауданының тамыры терең, тарихы бай. Археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері осы ауданға қарасты Қарабау ауылының маңындағы алып қорғандарға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды жәдігерлер тапты.
Футбол • 11 Шілде, 2017
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында «Қайрат» командасының қаны жерге тамбады. Спорттық тарихында жетінші орыннан жоғары көтеріліп көрмеген ортаңқол команданың осыншама құрметке бөленуін әлі күнге дейін түсіне алмаймын. КСРО түгілі Еуропаның ең үздік клубтарының қатарынан көрінген «Буревестник» волейболшылары мен «Динамо» хоккейшілері де танымалдық жағынан қайраттық футболшылармен қатар тұра алмайтын. Ауылдағы қойшы-қолаңнан астанадағы академиктерге дейін аяқ доп аламанында республика намысын жыртып жүрген қу жалғыздың жоғарғы топтан түсіп қалмауын жатпай-тұрмай Жаратқаннан тілейтін. Бағы жанып, бәйгеден бір келмесе де басынан құс ұшырмай, іңгәлап дүние есігін ашқан торсық шекелі талай ұлына ұлықтап Қайрат есімін қойған қазақтарды қойсаңшы бұл. Мұның бәрі сірә, миллиондар ойыны саналатын футбол бәсінің басқа спорт түрлерімен салыстырғанда сәл-пәл биіктігін көрсетсе керек.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Қазақ роботтары Коста-Рикаға барады
«World Robot Olympiad» әлемдік роботты техникасы олимпиадасының Қазақстандағы республикалық іріктеу жарысы аяқталды. 2017 жылдың бас тақырыбы ЭКСПО-2017 көрмесіне орайлас «Тұрақты даму» деп аталды. ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің Конгресс орталығының бір залында роботтар футбол ойнап, әртүрлі қызмет көрсетіп жатса, келесі залында қоғам дамуына үлес қосатын түрлі шығармашылық жобалар ұсынылды. 9 бен 21 жас аралығындағы өрендер үдемелі интеграцияда жұмыс істей алатындықтарын көрсете білді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Көптен көкейде жүрген ойымды газет оқырмандарымен бөліскенді жөн көріп отырмын. Сөз түсінікті болуы үшін басынан бастайын. Кешегі Кеңес өкіметі заманында спортпен айналысатын мектеп оқушыларына жетістіктеріне қарай: «І разряд», «ІІ разряд», «ІІІ разряд» және «Кандидат в мастера спорта», «Мастер спорта» төсбелгілері берілгенін жақсы білесіздер (1-сурет).