Денсаулық • 13 Шілде, 2024
Стоматологиялық қызметті МӘМС-ке қосу мүмкін бе?
Соңғы уақытта стоматологиялық ем-шараны МӘМС пакетіне қосу туралы ұсыныс-пікір жиілегенімен, құны қымбат қызметтің шығыны салаға, мемлекетке жеңіл тимейтіндей көрінеді. Қазір тіс емханасына баласын жетектеген ата-аналардың кейде шыдамы таусылып, амалсыз ақылы қызметке жүгінетінін ескерсек, сақтандыру қорына жарнасын аударып отырған ел азаматтарын түгел тегін емдеу іс жүзінде мүмкін емес тәрізді.
Денсаулық • 13 Шілде, 2024
Қатерлі ісік дертінен зардап шегетін науқастардың саны азаяр емес. Аты жаман дертке шалдығып, жыл сайын қаншама азамат үзіліп жатыр. Әйтсе де ауыр дертті арқалағандарға ақ халатты абзал жандар қолдан келгенше көмек көрсетеді.
Білім • 13 Шілде, 2024
Екі айға жуық уақытқа созылған негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кеше аяқталды. Ал бүгіннен бастап грант конкурсына құжат қабылдау басталды. ҰБТ нәтижелеріне үңілсек, 139 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. 716 үміткер 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ең жоғары балл алғандар – ауыл балалары. Бұл туралы Президент жанындағы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Үшінші баланың орны бөлек немесе халықтың табиғи өсімі қайтсе артады?
Еліміз кең-байтақ жерінің көлемі бойынша әлемде 9-орынды еншілегенімен, халқының саны жөнінен – 62-орынды, ал тұрғындарының орналасу тығыздығы жөнінен 184-орынды місе тұтып отыр. «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақылды тілге тиек еткен зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары еліміздегі демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіріп жүр.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Кейінгі жылдары медициналық қызметтер сапасын арттыру жолында көп жұмыс атқарылды. Десек те мүгедектікті белгілеу тәртібіндегі, сондай-ақ осы санаттағы адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудегі түйткілдер түбірімен шешілді деуге әлі ерте.