Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Осы қыстыгүні Қалиасқардың соғымбасына жиналдық емес пе. Кілең бір сайдың тасындай дерлік атайман азаматтар сағынысып кеп тоқайластық. Анда-санда осылайша бас қосудың өзі – жанға мереке. Бадыраң көз, ешкі бас Түсіп ағамыз бастаған өңшең бір ығайлар мен сығайлар. Әйбат жеңешеміздің шашбауын көтерген күлімкөздер. Бір қимасымыз Сабыржан марқұм «У-шу компаниясы» деп ат қойып беріп кеткен көңілді топ қауқылдасып, қалжыңдасып жатырмыз. Арамызда тек Асантай мен Күлшара жоқ. «Тығылтаяң шаруа шығып қалды, сәл кешігіңкіреп барармыз» деп хабар салыпты. Мұндайда тіпті арада бес жас айырмасы барлар да бел құрдас болып кететіні қандай, құлаққа сәл ерсілеу тиетін сөздер де жарасымын тауып, жымдасып кетіп жатыр.
Әдебиет • 11 Шілде, 2017
Партбилетін оқ тескен гвардия капитаны
«Александр Невский» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Құдас Жүнісбековтің майдан даласындағы ерен ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық. Жақында батыр атамыздың ерлігі ескеріліп, Түркістан қаласының бір көшесіне есімі берілді.
Әдебиет • 11 Шілде, 2017
Бабалардың батырлығын жалғаған. Бала Мұсабектің ес білген шағында, бес жасында Сеңгірбай ата өмірден өтіп, жетім қалады. Бұл кезде бір жағы әпкесі Күнес Бексейіт есімді жігітке тұрмысқа шығады да, апа-жезде қамқорлығын көреді. Көпшіл, бауырмал, қағылез болып өседі.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Ресейдің Челябі облысы Қостанайдың қашаннан ауылы аралас, қойы қоралас, құдайы көршіcі. Көрші отырып, нарық теңізінде жалғыз жүзіп болмайды. Өйткені, нарық жағдайында қанаттаспаса даму жоқ екенін дүние жүзіндегі экономикалық үдерістің тәжірибесі көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың басында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет», деген болатын.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Бүгінде елімізде 4 миллионнан астам жас бар. Демек, қазақстандықтардың әрбір төртіншісі 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар екенін ескерсек, олардың қаншалықты әлеуетті күш екенін аңғаруға болады. Ал оларға қандай жағдай жасалып отыр? Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін нендей шараларды қолға алу керек? Бұл жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.