Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Jas Otan Жастар қанаты ұйымдастырған «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы әр ауданда жалғасып жатыр. Оның аясында Жаңақорған аудандық филиалының еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын жеткізіп, арнайы әзірленген «Денсаулық» себетін тапсырды.
Руханият • 21 Шілде, 2020
Медициналық жабдық алуға көмектесті
Батыс Қазақстан облысының бір топ кәсіпкері облыстық көпбейінді ауруханаға 2 оттегі концентраторы мен 400 пульсоксиметр аппаратын сыйға тартты. «Бұл жабдықтар covid-19 індетімен күресте дәрігерлерге өте қажет көмекші құрал», дейді аурухана директоры Арман Байдеуов.
Оқиға • 21 Шілде, 2020
Қайырымды істерімен көпке үлгі болып жүрген көкірек көзі ояу, жүрегінде иманы бар адамдар қатары көбейе түсері күмәнсіз. Бүгінгідей қиын сәтте ел ішінде елеусіз ғана қайырымдылық істердің ұйытқысы болып жүрген және оны жария еткенді қаламайтын жандар қаншама. Өйткені ата-бабаларымыздың: «Біреудің өзіңе жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа, өзіңнің жұртқа жасаған жақсылығыңды ұмытып кет, ешкімге міндет қылма, мақтанып, жұртқа айтпа», деген өсиетін ұмытпаған ұрпақпыз. Дегенмен, жақсылықты ұмытпайтын, әсіресе жаны қиналған жақынына қолұшын созғандарға алғысын жұртқа жария ете білдіргісі келетін жандар көп.
Медицина • 21 Шілде, 2020
Елімізге Үндістан мен Ресейден жеткізіліп жатқан дәрі қорының қомақты үлесі Тобыл өңіріне де жетті. Осыдан кейін аймақта дәріхана қоймаларын қажетті дәрі-дәрмекке толтыру мәселесі де реттеле бастады.
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Атырауда жақсылық жасағысы келетін жанашырлар көп. Арасында кәсіпкерлер де, спортшылар да, тіпті нотариустар да бар. Олар ауруханаларға дәрі-дәрмек пен оттегі концентраторын сыйлап жатыр.