Спорт • 21 Шілде, 2020
World Athletics ресми сайтында келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасындағы жеңіл атлетика кестесін жариялады.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Түркістан облысындағы ауруханаларда 20 күнге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Дегенмен бұл қор апта сайын толықтырылады. Яғни дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Мәселен, өткен аптада гуманитарлық көмек ретінде өңірге 48 мың дана қорғаныс киімдері мен қолғап келді. Одан кейін Өзбекстан мемлекетінен 100 млн теңгеге 1,5 млн құтыдан астам пандемияға қажетті дәрілер жеткізілді. Одан бөлек Алматы қаласынан 2 тонна дәрі-дәрмек келген. Олар ең әуелі облыстағы ауруханалар мен емханаларға таратылып берілуде.
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Көп көмегі кеселдің бетін қайтарады
Қызылордада індетті болдырмау шараларына көпшілік те көп үлес қосып отыр. Аз уақыт ішінде облыс орталығының өзінде кәсіпкерлер мен қайырымдылық шараларынан қалыс қалмаған тұрғындардан жиналған 38,3 млн теңгеге 45 дана оттегі концентраторы, 2 мыңнан аса оттегі баллоны алынып, емдеу мекемелеріне таратылды. Оны жеткізумен еріктілер айналысуда. Осылайша сырбойылықтар жұрт жұмылса, дерттің де дендемейтінін дәлелдеп отыр.
Руханият • 21 Шілде, 2020
Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын батыстың бір өнер қайраткерінің: «Мен жиырма бірінші ғасырда өмір сүрмейтініме қуанамын, өйткені ол ғасыр өте күрделі болады» деген сөзін оқыған едім. Ол – жиырмасыншы ғасырдың адамы. Кезінде жазып қоймаған соң аты-жөнін ұмыттым. Бірақ сөзі есімнен шыққан емес. Оның бұлай деуіне не себеп болды екен деп ойлаймын кейде.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Карантиннің сақталуы қатаң бақылауда
Індеттің тез таралуын тежеу үшін карантин режімі енгізіліп, оның қатаң сақталуын арнайы мониторигтік топ бақылауына алды. Өңір-өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан арнайы топ санитарлық нормалардың бұзылғаны туралы бірқатар факті тіркеді.