Қоғам • 12 Шілде, 2019
Ел ішінде жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүретін азаматтар болады. Олардың кейбіреуін күллі ел таныса, тағы бірін өзі туып-өскен өңірі мен қызмет етіп жүрген аймағы ғана біледі. Бірақ бұл адамгершілікті ту еткен азаматтардың беделі мен халқына сіңірген еңбегін бір мысқал да кемітпек емес.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Медицина цифрландыруды таңдайды
Еліміздегі медицина саласын цифрландыруды мақсат етуге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінде жаңадан құрылған Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті IT-стартаптардың халықаралық технопаркі «Astana Hub» алаңында ашық есік күнін өткізді.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Жарна аударуда елордалықтар екінші орында
Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігінің кепілі екені белгілі. Аталған жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 23 млрд теңгеден асады. Бұл республика бойынша түскен 186,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,4 %-ын құрайды.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Шіліңгір шілденің 11-13-і күндері елордада 15 мемлекеттің білікті мамандары бас қосқан Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының (БНЕҚ) II съезі өтіп жатыр.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножоба қолға алынған болатын.