Медицина • 18 Шілде, 2022
Ауылдағы ауруханалардың аужайы
Жетісуда пандемия қайта өршіп келеді. Мекеме қызметкерлері маска тағып жүр. Алайда сол маскамен мәселе шешіле қоймасы анық. Бүгінде облысқа тиесілі ауыл-ауылдарда орналасқан шағын емханалардың жайы мәз емес. Анау Кеңес заманынан келе жатқан кішкентай ғимараттар қаусап тұр. Ем алуға асыққан халық есігіне сыймайды. Жөндеуден өткені санаулы, кезек күткені қаншама. Індет өршігенде өңірлер әйтіп-бүйтіп амалдайды екен. Әйтсе де бұл әлек қашанға дейін жалғаспақ?
Тарих • 18 Шілде, 2022
Адамзат тарихында түрлі оқиға болды: соғыс, бейбітшілік, ашаршылық, құлау, қайта құру, Ғарышқа ұшу, Нобель, қуғындау, ату, ақтау... Бұның бәрі айтылып, жазылып, белгілі бір деңгейде зерттеліп жатыр. Әр қоғамның өз шындығы, өз әділетсіздігі бар. Сол әділетсіздіктердің бір куәсі – Қарлаг мекені.
Қаржы • 18 Шілде, 2022
Биржа ма, әлде инвестициялық хаб па?
Өткен аптадан бері шетелдік басылымдарда Ресейдің Орталық банкі, Санкт-Петербург биржасы және қазақстандық «Freedom Holding» бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында жаңа инвестициялық хаб құруды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл мәселені өз сарапшыларымыз да қызу талқылай бастады. Жалпы мұндай инвестициялық хаб бізге керек пе, оның Қазақстанның қор нарығын дамытудағы үлесі қандай болмақ? Әңгімеміз осы жөнінде.
Экономика • 18 Шілде, 2022
Батыс санкцияларынан кейін Ресейдегі жүздеген шетелдік компания 140 миллиондық нарықтан кетті. Бұл – еліміз үшін үлкен мүмкіндік еді, тиісінше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдегі бизнестің Қазақстанға релокациясын сәтті жүзеге асыруға шақырды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Ресейден кеткен компаниялар үшін елімізде қолайлы жағдай жасалуы керек деген тапсырма жүктеді.
Аймақтар • 18 Шілде, 2022
Құрғаған құдық, қаңыраған клуб
Айтса, айтқандай-ақ. Күршім өңірінде мәселе деген шашетектен. Жуықта Қойтас ауылының тұрғындары хабарласып, бірқатар проблемасын тізген. Құлақ түре тыңдасақ, жайылымдары тарылған, ауыз су құбырын тарту жұмыстары орта жолда қалған, ауылдық клуб қаңырап тұр. Көпірі апаттық жағдайда, тағысын тағы... Бардық, көрдік, ауыл тұрғындарымен тілдестік.