Білім • 18 Шілде, 2022
Талғамай оқудың пайдасы бар ма?
Қосымша курсқа жазылғанмын. Кезекті сабаққа уақтылы бардым. Бірақ әлі аудитория біздің алдымыздағы топтан босамапты. Содан сөмкемдегі кітапты суырып алдым да, келген жерімнен жалғастыра оқи кеттім. Малайзиядан оқып келген мұғалім алдыңғы топпен жұмысын аяқтап, маған жақындады да: «Кітапты көп оқисың ба?», деп сұрады.
Бизнес • 18 Шілде, 2022
Шағын индустриялық аймақтың шарапаты
Соңғы уақытта аудандарда шағын индустриялық аймақтар ашылып, қарапайым тұрғындар кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды. Бұған дейін идеясы болса да, «бизнесімді жандандыру үшін қомақты қаражат керек» деп тәуекелге бара қоймайтын. Жобаның тиімділігі сол, кәсіпкерлерге тегін ғимарат үлестіріліп, өзге де жеңілдіктер қарастырылған.
Бизнес • 18 Шілде, 2022
Кәсіп бастаған келіншектер «Еңбек» бағдарламасына дән риза
Алматы облысында тұрғындардың әл-қуатын арттыруға бағытталған мемлекеттік жобалар жоғары деңгейде орындалып жатыр деуге әбден болады. Әсіресе халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асуы жемісті.
Қазақстан • 18 Шілде, 2022
Қазақстан Қарулы Күштері: Отан күзетіндегі 30 жыл
Заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға баса назар аударылады. Бұл саладағы негізгі қағидаттар мен тәсілдер Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасында айқындалған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының әскери доктринаны, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта жарақтандыру және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамасын қайта қарау жөніндегі тапсырмалары іске асырылып жатыр.
Медицина • 18 Шілде, 2022
STADA Health Report-2022: Ел медицинасына сенім басым
STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде өткізілген STADA Health Report-2022 төртінші халықаралық зерттеудің нәтижелерін Қазақстанда ұсынды. Зерттеудің тақырыбы – коронавирустан кейінгі кезеңде адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы.