Қазақстан • 11 Шілде, 2019
Халық ықыласына бөленген гастроль
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 85 жылдығына арналған мерейтойлық гастролі қала күні қарсаңына тұспа-тұс келіп, елорда жұртшылығы шығармашылық топты құшақ жая қарсы алды. «Астана Операның» үлкен сахнасында труппа репертуарының алтын қорындағы және көрермен көзайымына айналған классика жауһарлары ұсынылды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Би-аға ақындар жырының арқауына айналды
Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өткен «Өзіміздің Би-аға» атты республикалық жыр бәйгесін тамашалауға І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының залы лық толды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекенова мүшәйраның қостанайлықтарды қуантқан сүйінші хабарға ілесе өтіп отырғанын да жақсы ырымға балады.
Спорт • 11 Шілде, 2019
Елордада төрт күнге созылған күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі мәреге жетті. Қыркүйек айында ересектер арасында өтетін әлем чемпионатының алдында тест режімінде өткен байрақты бәсекеде балуандарымыз 17 медаль жеңіп алды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтіп, онда көрмеге 40-қа жуық домбыра қойылды. Шараның мақсаты – халқымыздың ұлттық аспабын жан-жақты насихаттап, өзіне тән ерекшелігін көпшілікке жеткізу.
Руханият • 11 Шілде, 2019
Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды
Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды. Әнші инстаграмдағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді.