Саясат • 10 Шілде, 2019
Сот жүйесінде елеулі өзгерістер бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырудағы негізгі он бағытты жариялаған болатын. Қоғамның көптен бергі идеялары мен ұсыныстары көрініс тапқан осы жоспардың үшінші бағыты сот жүйесін қамтыды.
Руханият • 10 Шілде, 2019
Жақында иман жолында жүрген ибалы азамат анасының алты белеске шыққанына және екі ұлының сүндетке отырғанына арнап той жасады. Барлық қарекет ұлттық үлгіде болды. Улы ақ-қызылдың орнын, қасиетті қымыз бен шұбат басты. Той тізгінін қазақ өнерінің қабырғалы қайраткері, халықтық әдет-ғұрыптың туын көтеріп, ата салтты әспеттеп жүрген, қарт қалай болу керек дегенді сан қырынан астарлай ашып көрсететін, сөз құдіретінің құнын терең ұғатын Бекжан Тұрысов алды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Мал ұрлаған қылмыстық топ сотталды
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы тұрғындарын бірнеше жыл бойы қан қақсатып, мал ұрлығымен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. 2015-2018 жылдар аралығында баукеспелер 40 үйден 26 жылқы, 118 сиыр ұрлаған екен.
Руханият • 10 Шілде, 2019
Адамзаттың тағдырын ойлайтын тұлға (Эссе)
Жазушы ретінде де, ойшыл ретінде де, адам ретінде де бөлек, өзгеше әлем Роллан Сейсенбаев – десем қателеспес едім. Рушылдықтан, жершілдіктен, сыбайластықтан, жемірліктен бойын ада ұстаған бөлек жан, таза адамгершілікті тәрбие көрігінен шыққан азамат.
Руханият • 10 Шілде, 2019
Қазақ даласы таланттардан кенде емес. Соның бірі – ғасырда бір туатын атақты желаяқ 100, 200 метрлік қысқа қашықтықта КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, КСРО Халықтары спартакиадасы және Еуропа кубогының жеңімпазы, алты рет Одақ рекордын жаңартқан жүйрік Әмин Тұяқов.