Қазақстан • 09 Шілде, 2019
«Қарыздың бәрі кешіріледі» деу қате - Мақсат ХАЛЫҚОВ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың бірқатар санатының банктер алдындағы борыштық жүктемелерін азайту жөнінде шешім қабылдады. Ел ішінде «қалай, қайтіп кешіреді» деп банктердің есігін күзеткен ағайындардың қарасы көбейіп барады. Көкейіміздегі осы және басқа да сұрақтарымызды белгілі экономист, «Pro gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі Мақсат ХАЛЫҚҚА қойып көрген едік.
Қоғам • 09 Шілде, 2019
Толғауы тоқсан әлеуметтік көмек
Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде көп балалы аналарға жәрдемақы төлеудің жаңа үлгісін Үкіметке ұсынды. Оның негізінде тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) әрбір балаға 21 мың теңгеден айналуы тиіс екенін айтқан. Сәуірде тағайындалуы тиіс көмекке осы уақытқа дейін қол жеткізе алмай жүрген азамат жақында редакциямызға хабарласты.
Қоғам • 09 Шілде, 2019
Анайы әзіл мен шынайы қалжыңның шекарасы
Сөздің парқын тәрк етіп, бейәдеп әзілдерді сахна төріне шығару қай кезде, қандай сайқымазақ әртістерден басталды? Күлдіремін деп, телевизияны бүлдірген үрдістің бастауында кімдер тұр?
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Аптап күшіне мінді. Қарға екеш қарғаның миын қайнатқан күн тіршілік иелерін сабат жер іздеуге мәжбүр етуде. Мұндайда адамдар суға түскенді қолай көреді. Бірақ, соңы қайғымен аяқталатын жағдаяттар да бар.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Ұштаған – үлгі бола алатын үздік ауыл
Ауыл тақырыбы – әр қазақтың жүрегінде, ал ауыл ахуалы – қоғамның күн тәртібінде. «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар?» дегендей, ауылдың жағдайы заманауи өмір сүруге қолайлы болып, тұрғындар жұмыспен қамтылып, мал шаруашылығын дөңгелетіп күнелтіс нәпақасын айыруға мүмкіндік беріп тұрса, бала оқыту, анау-мынау қажеттілігі болмаса, алтын қазығынан жібек бауын үзіп жіберіп, қалаға қарай түре көшейін деп отырған қазақ көрінбейді.