Қоғам • 27 Шілде, 2023
Теміржол тасымалындағы түйткіл
Ел экономикасының күретамыры іспетті теміржол тасымалы қашан да жоғары сұранысқа ие. Мемлекет бақылауындағы, қалың бұқараның қырағы назарындағы сындарлы саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, даму барысы, келелі мәселелері «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы және екінші жартыжылдығының негізгі міндеттерін айқындауға арналған кеңесінде кеңінен сөз болды.
Футбол • 27 Шілде, 2023
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан елорданың «Астанасы» кезекті ойынын сырт алаңда өткізіп, Хорватияның «Динамо Загреб» командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды. Іріктеу сатысының екінші айналымындағы алғашқы матчта алаң қожайындары ел чемпиондарының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.
Футбол • 27 Шілде, 2023
Ұлттық құраманың тізгінін ұстады
Отандық футбол жаттықтырушысы Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Теннис • 27 Шілде, 2023
Президент кубогі сарапқа салынды
Бұл күндері елордадағы «Beeline arena» ұлттық теннис орталығында Президент кубогі аясындағы «ATP Challenger Tour» және «ITF World Tennis Tour» турнирлері өтіп жатыр.
Спорт • 27 Шілде, 2023
4-6 тамыз күндері Мажарстан бас шаһары – Будапештте дзюдодан Masters санатындағы бәсекенің жалауы желбірейді. 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін жарыста ел намысын 14 балуан қорғайды.